Үрімжі
Уикипедиядан
Abbreviation(s): 乌市 (pinyin: Wū Shì) | |
![]() |
|
Origin of name | "Beautiful Pasture" in Dzungar Mongol |
Administration type | Prefecture-level city |
Seat of Government | Tianshan District |
County-level divisions | 8 |
CPC Ürümqi Committee Secretary | Yang Gang |
Mayor | Shokrat Zakir |
Area | 10,989 km² |
Population (2002) - Density |
2,081,834 174.53/km² |
GDP (?) - per capita |
CNY CNY |
Area code | 991 |
Postal code | 830000 |
Licence plate prefix | 新A |
ISO 3166-2 | CN-65-01 |
Official website: http://www.urumqi.gov.cn (Simplified Chinese) |
Үрімжі ( ұйғырша: ئۈرۈمچی, Ürümqi, қытайша: 烏魯木齊 пин-йин: Wūlǔmùqí) – Қытайдың Шинжәң Ұйғыр аутономиялық районының орталығы, оның саяси, экономика, мәдениет ордасы.
[өңдеу] Жоғрапиясы
Үрімжі Азия–Еуропа құрлығының кіндігіне, Тянь-Шән таулары орта бөлігінің солтүстік бөктеріне, Жоңғар ойпатының оңтүстігіне орналасқан. Үрімжінің үш жағын тау қоршаған, солтүстігі көсілген тұнбалы сектор пішінді жазық, шамамен теңіз деңгейінен 680-920 m биік. Үрімжі дүние бойынша теңізден ең алыс жатқан қала. Тарихы 1755 ж. Чиң үкіметі қазіргі Үрімжінің Жюжяуан деген жеріндегі Миң көне қаласында бекініс-қорған салғызып, әскер тұрғызды, әрі оған «Үрімжі» деп ат қойды.
1763 ж. қала атын “Дихуа” деп өзгерткен. 1884 жылы Шинжәң өлке болып құрылды да, Үрімжі өлке орталығы болып белгіленді.
[өңдеу] Жұрттануы
Жалпы жұрт саны 2 млн асады. Оның ішінде қытай, ұйғыр, дүңген, қазақ, моңғол, қырғыз қатарлы 47 ұлт өкілдері бар. Қытайдағы ұлттар саны ең көп қалалардың бірі.
[өңдеу] Шаруашылығы
Үрімжі Қытайдың батысқа ашылған маңызды қақпасы әрі сыртпен экономикалық, мәдени ауыс-күйісінің терезесі болып отыр. Осы кезде Үрімжі әуежайы халықаралық және ішкі 61 әуе жолын ашты, ал ел іші-сыртына 17 пар қос бағытты пойыздар қатынайды. Үрімжі Шинжәң почта – телеграф коммуникациясының торабы. Еуразия коммуникациялық оптикалық кабельдері, GSM сандық ұялы байланысы бар.
Үрімжі Шинжәңның өнеркәсіп базасы, онда мұнай мәнерлеу, металлургия, электр қуаты, көмір, тоқыма өнеркәсібі, құрылыс материялдары, механикаларды тірек еткен, химия өнеркәсібі, былғары өңдеу, баспа, азық-түлік, пластик тұтыну бұйымдары, жиһаз жасау сияқтыларға арналған біртұтас өнеркәсіп жүйесі бар. Үрімжі қаласының ауыл шаруашылығы көкөніс, жеміс-жидек, орманшылық, шөп, гүл сияқты сан алуан шаруашылық түрі біріккен қала маңы ауыл шаруашылық арнасына жатады.