Жаралған намыстан қаһарман халықпыз
Уикипедиядан
Жаралған намыстан қаһарман халықпыз… (бірінші тармағынан шыққан атау) — 1993—2006 жж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ретінде қолданған ән.
1993 ж. бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ретінде қолданған.
2006 ж. қаңтар айынан бастап Менің Қазақстаным әнінің жаңа нұсқасы әнұран етіп қабылданды.
Сазын 1944 ж. Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди сазшылар жазған.
Сөзін 1992 ж. Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева ақындар ұсынған.
Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдын тезінен, тозақтын өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.
Қайырмасы:
Еркіндік қыраны, шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халыктың қуаты — бірлікте!
Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі —
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтын даласы!
Талайды өткердік, өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
Ар-ождан, ана тіл, өнеге салтымыз,
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!