Храпунов, Виктор Вячеславович
Уикипедиядан
Храпунов, Виктор Вячеславович | |
---|---|
Туғаны: | 1948 қазанның 24-і Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Предгорное ауылы |
Мансабы: | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрi |
Храпунов, Виктор Вячеславович — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі.
[өңдеу] Қысқаша өмірбаяны
1948 жылы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Предгорное ауылында туған.
1970 ж. — Өскемен индустриалды техникумын (техник — жылу-технигі).
1977 ж. — Алматы энергетика институтын (инженер-электрик).
Алматы Жоғары партия мектебін саясаттанушы мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын Алматы жылу электр орталығының кезекші слесарь, жөндеу жөніндегі слесарі, шебер болудан бастаған.
Алматы жылу электр орталығы өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженер- технологы, жабдықтарды жөндеу жөніндегі қазандық цехы бастығының орынбасары, құбырлар цехының бастығы, ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі, ҚР Энергетика және табиғи ресурстар министрі қызметтерін атқарған.
1997 ж. 2004 ж. желтоқсанына дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.
2004 ж. желтоқсанынан Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2007 ж. қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері (ағымдағы) | |
---|---|
Д. Ахметов • С. Ахметов • Балиева • Дерновой • Досмұханбетов • Ертісбаев • Есімов • Коржова • Қарағұсова • Мәсімов • Мусин • Мұхаметжанов • Оразбақов • Тәжин • Түймебаев • Храпунов • Ысқақов • Ізмұхамбетов |