Қазақстан теңгесі
Уикипедиядан
Қазақстан теңгесі | |||||
|
|||||
ISO 4217 белгілеуі | KZT | ||||
---|---|---|---|---|---|
Айналыс ел(дер)і | Қазақстан | ||||
Құнсыздануы | 8.6% | ||||
Қайнары | The World Factbook, 2006 сарап. | ||||
Ұсақтау бірлігі | |||||
1/100 | тиын | ||||
Нышаны | , Т | ||||
Көптік жалғау | Бұл пұлдың тілдерінде көптік жалғау қосылмайды. | ||||
Шақалар | |||||
Жиі пайд. | 5, 10, 20, 50, 100 теңге | ||||
Сирек пайд. | 1, 2 теңге | ||||
Банкноттар | 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10 000 теңге | ||||
Орталық банкі | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі | ||||
Ғаламтор торабы | www.nationalbank.kz/?switch=kaz |
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 ж. қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа еңгізілді.
Мазмұны |
[өңдеу] Тарихы
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:
- 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
- 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар,
- 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).
Кейіннен айналысқа:
- 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар;
- 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар;
- 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар;
- 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);
- 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
- 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),
2001 жылы:
- 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген);
- 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген);
- Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар;
- 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).
2002 жылы:
- 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
- 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды.
2003 жылы:
- 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.
2006 жылы:
- 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн).
[өңдеу] Банкноттар
[өңдеу] Шақалар
Республикада ақша айналысындағы шақалар (монетамен) қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады. Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени — ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.