Қазақтар
Уикипедиядан
Қазақтар | |
---|---|
Қазақ шопаны |
|
Бүкіл жұрт саны | 12,500,000 (сарап) |
Болық жұрты бар аймақтар | Қазақстан — 9,008,000 |
Тілі | Қазақ |
Діні | Сунна Исләмі |
Қатысты этностар | Қыпшақ, ноғай, өзбек, қарақалпақ, басқа түркі халықтар, және моңғол, қалмақ. |
Қазақтар — этнос және ұлт, Қазақстанның байырғы және негізгі халқы. Түркі тілдерінің солтүстік-батыс қыпшақ тілдері тобына жататын қазақ тілінде сөйлейдi.
Қазақтар Қазақстанға көршілес Моңғолияда Баян-Өлгей аймағы, Қытайда Іле Қазақ автономиялық облысы, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірынғай қоныстанған. Қазақтардың Қазақстандағы саны 9,0 млн. (2006), әлемде шамасында 12,5 млн.
Мазмұны |
[өңдеу] Этнографиясы
[өңдеу] Расасы
Қазақтар тұрантектес расаның негiзгi өкiлi.
[өңдеу] Этнографиялық топтары
Үлгі:Ethno-stub
[өңдеу] Жұрттануы
[өңдеу] Атамекенде
[өңдеу] Шетжұрты
[өңдеу] Тарихы
[өңдеу] Қазақ халқының қалыптасуы
[өңдеу] Қазақ хандығы
15 ғ-дың ортасында Әбiлхайыр хан қайтыс болғаннан кейiн, оның қол астындағы көшпелi тайпалар бiрлестiгi ыдырап, «Қазақ», «Өзбек» хандығы болып екiге бөлiндi.
Қазақ хандығы бұрынғы Жошы ұлысының Шығыс өлкесiн (Ақ Орда) тегiс мирас етiп, Жайық пен Ертiс, Түмен мен Сырдария арасын қоныстанды. 15 ғ-дың соңы мен 16 ғ-дың басында бұларға Моғолстан өлкесiн мекендеген Ұлы жүз қазақтары (Үйсiндер, Дулаттар) қосылды. Қ. мемлекеттiгiнiң белгiлi жерi болуымен бiрге, оның барлық халқы ортақ бiр тiлде сөйледi, шаруашылығы, тұрмыс-салты өзара ұқсас, етене жақын болды.
15 ғ-дан 16 ғ-дың бас кезiне дейiн бұлар бiрде өзбек, бiрде қазақ атанып жүргенiмен, «қазақ» деген этн. атау түпкiлiктi орныға бастады.
15 — 16 ғ-ларда Қазақстан жерiнде болған iрi-iрi саяси оқиғалар нәтижесiнде Ноғай, Сiбiр және Моғолстан хандықтарының ыдырауына байланысты, көптеген тайпалар мен этн. топтар қазақ хандығының құрамына ендi. 16 ғ-да Қ. қауымының үш жүзге бөлiну процесi аяқталды. Ұлы жүзге — Үйсiн одағының маңына топтасқан сарыүйсiн, дулат, қаңлы, албан, суан, жалайыр, шапырашты, шанышқылы, ошақты, ысты, сiргелi тайпалары; Орта жүзге — арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат тайпалары; Кiшi жүзге (Алшын одағының тобына) жетiру, әлiмұлы және байұлы сияқты рулар бiрлестiктерi кiрдi. Бұлардың көпшiлiгi — Алтын Орда дәуiрiндегi ноғайлылар едi. Сондай-ақ, олармен аталас рулар Едiлдiң төм. сағасында, Солт. Кавказда, Қырымда ұшырасады (жағалбайлы, берiш, шеркеш, малқар, т.б.).
16 ғ-да Қасым хан тұсында Қазақ хандығындағы халық саны 1 млн-ға жеткен. Этн. аумағы кеңейген.
Ақназар, Тәуекел хан, 17 ғ-да Есiм, 17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басында Тәуке хан үш жүздi бiрiктiрдi (қ. Қазақ хандығы). 1635 ж. құрылған Жоңғар хандығы Қ-ға қарсы басқыншылық саясат ұстанды. 18 ғ-дың 1-ширегiнде бiрнеше iрi-iрi жорықтар ұйымдастырды. Ең iрiсi 1723 — 25 ж. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қазақ халқына зор ауыртпалықтар әкелдi.
Тәуке қайтыс болғаннан кейiн үш жүздiң бiр-бiрiнен дербестенiп, алшақтануы Қазақ хандығының қуатын әлсiреттi. Жоңғарлар Қ-дың бiр бөлiгiн этн. аумақтарынан шалғайға ысырып тастады. Мал мен жайылымнан жаппай айырылу, шаруашылық күйзелiсi хандар беделiн түсiрiп, жаугершiлiк пен алауыздықты күшейттi.
[өңдеу] Ресей империясы құрамында
Саяси және экон. қиын жағдайда Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесi алға тартылды. Қ-дың сыртқы саяси жағдайының күрделiлiгi Әбiлқайыр ханды Кiшi жүзде Ресей протекторатын қабылдауға мәжбүр еттi. 1734 ж. Орта жүздiң бiр бөлiгi Ресейге қосылды. 19 ғ-дың 2-жартысында Ресей үкiметiнiң жоспарлы түрде жүргiзген әскери-саяси шаралары нәтижесiнде, Қазақстанды империя құрамына қосу толық аяқталды.
Қ. арасында кейiнгi орта ғасырларда меншiктiң бiрнеше түрi айқындалды: 1) мал мен мал ш. өнiмдерiне деген меншiктiң жеке дербес отбасылық түрiндегi меншiгi; 2) жерге немесе жайылымдарға қауымдық меншiк; 3) су көздерiне меншiк; 4) қауымдар ассоциациясының қарамағындағы малшылар тобы көшiп-қонатын аймаққа қатысты экономикадан тыс меншiк, Қ-дың әлеум. ұйымдасуы адамдар арасындағы бiр-бiрiмен байланысты әр алуан қарым-қатынас түрлерiне (қандас туыстық-отбасылық, шаруашылықтық, әскери, мәдени, этн., т.б.) негiзделдi.
1824, 1867 — 68 жылдардағы әкiмш.-саяси реформалары арқылы Ресей үкiметi қазақтарды басқарудың дәстүрлi жүйесiн жойды. Қазақстанның Ресейге қосылуы арқылы халықтар арасында шаруашылық айырбас пен басқа да қарым-қатынастар үшiн қолайлы жағдай туды, капиталистiк өндiрiс қатынастары кеңiстiгiне негiз қаланды.
Ресейдiң отаршыл саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерiлiстерi болып өттi. Оларды Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, т.б. басқарды. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстандағы егiншiлiкпен айналысатын халықтар арасындағы қазақтардың үлес салм. 55,4%-ға жеттi. Өнеркәсiп дамуы, т. ж-дар салынуы, су жолдарының кеңiнен пайдалануы қазақ жұмысшыларының қалыптасуының экон. негiздерiн қалады.
[өңдеу] Кеңестік дәуір
1917 ж. Қазан төңкерiсiне дейiн Қ-дың негiзгi кәсiбi көшпелi немесе жартылай көшпелi жағдайда мал өсiру, суармалы егiншiлiк болса, аңшылық пен балық аулау және қолөнерi де халық тұрмысында берiк орын алды. Қоғам өмiрiнде рулық-патриархалдық қатынастар үстем болып келдi.
Кеңестiк үкiмет өткiзген кәмпескелеу, ұжымдастыру шаралары Қ-ды 1931 — 33 ж. ашаршылыққа ұшыратты. 1929 — 31 ж. Қазақстанда кеңес өкiметi саясатының асыра сiлтеулерiне қарсы 372 көтерiлiс болды. Көтерiлiстiң күшпен басылуына орай Қ. басқыншылыққа ұшырады. 1930 жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейiн Қазақстан аумағынан 281230 шаруа қожалығы сыртқа көшкен. Олардың едәуiр бөлiгi Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтiп кеттi. Қазақ этносы осы жылдары аса көп шығынға ұшырады. Ашаршылық және онымен байланысты туған iндеттер салдарынан 2 млн. 200 мыңнан астам адам қырылды. Бұл барлық Қ-дың 48%-ын құрады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында мерт болған шамамен 410 мыңдай қазақстандықтардың басым бөлiгi Қ. едi.
[өңдеу] Тәуелсіздік
1991 ж. 16 желтоқсанда мемлекет тәуелсiздiк жарияланған соң, қазақ ұлты өзiнiң ортақ мүддесi жолындағы бiрлiгiн нығайтты. Қазақ тiлi мемл. тiл болды. Қазақ халқының таңдаулы өкiлдерiнiң кеңестiк дәуiрде тыйым салынған есiмдерi ұлтымыздың мақтанышына айнала бастады, тарихи топонимика қалпына келтiрiлiп, ұлттық мәдениеттiң гүлденуiне жағдай жасалды. Шет елде жүрген отандастардың елге оралуына мүмкiндiк туды.
[өңдеу] Қазақ атауы пайда болуы
[өңдеу] Діні
Қазақтар Исләм дiнiнiң Сунна бағытын қабылдаған. Оған дейiн шаман дiнiнiң негiзi болған тәңiрге, аруаққа сиыну нанымдары орын алды. Үлгі:Rel-stub
[өңдеу] Мәдениеті
[өңдеу] Дәстүрлері
[өңдеу] Тілі
[өңдеу] Түсініктемелер
[өңдеу] Әдебиет
[өңдеу] Тағы қараңыз
[өңдеу] Сыртқы сілтемелер
Санаттар: Уикилендіруі қажет барлық беттер | Уикилендіруі қажет мақалалар | Бітемелер | Түркі халықтары | Қазақстан этникалық топтары | Қытай этникалық топтары | Моңғолия этникалық топтары | Ресей этникалық топтары | Қырғызстан этникалық топтары | Өзбекстан этникалық топтары | Түркия этникалық топтары | Түрікменстан этникалық топтары