Қасым хан
Уикипедиядан
Қасым хан | ||
---|---|---|
Хан | ||
Орнауы | 1511 — 1518 | |
Таққа көтерлуі | 1511 | |
Толық аты | Жәнібекұлы Қасым | |
Туғаны | 1445 |
|
Қайтыс болғаны | 1518¹ Сарайшық² |
|
Жерленгені | Сарайшық² | |
Алдыңғысы | Бұрындық хан | |
Соңғысы | Момыш хан | |
Ұрпақтары | Момыш, Хак-Назар | |
Әулеті | Орыс хан үйі | |
Атасы | Әз-Жәнібек хан | |
Анасы | Жаған-бегім | |
¹Тахир Мұхаммед 1523—24 жылдарда дейді ²Қадырғали Жалайыри бойынша |
Жәнібекұлы Қасым хан (1445—18) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған-бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі.
Мазмұны |
[өңдеу] Орнауы
Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.
1511 ж. Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.
Әлихан Бөкейханов кезінде былай деп жазыпты:
Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшіліксүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды.
Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді.
[өңдеу] Қасым ханның қасқа жолы
«Қасқа жол» - деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
- Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
- Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
- Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
- Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.
[өңдеу] Жерленуі
Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 ж. қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1523—24 жылдар деп көрсетеді.
Қадырғали Жалайыридың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Тарихшы А.П.Чулошников Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының 17 ғ. басында кұламай аман тұрғанын жазады.
[өңдеу] Тағы қараңыз
[өңдеу] Сыртқы сілтемелер
Керей • Әз-Жәнібек • Бұрындық • Қасым • Момыш • Тайыр • Тоғым • Бұйдаш • Хақ-Назар • Шығай • Тәуекел • Есім • Салқам Жәңгір • Тәуке • Қайып • Болат • Әбілмәмбет • Абылай • Кенесары
Ұлы жүзде: Жолбарыс
Орта жүзде: Сәмеке • Әбілмәмбет • Абылай • Уәли • Кенесары
Кіші жүзде: Әбілқайыр • Нұрмұхамбет • Жармұхамбет • Есім • Айшуақ • Бөкей • Шерғазы
Бөкей хандығында: Бөкей • Шығай • Жәңгір-Керей • Сайып-Керей • Ыбрайым-Керей