Ұлы жасақ
Уикипедиядан
Шыңғыс ханның Ұлы жасағы:
1. Нәпсіқұмар, оның әйелі бар-жоқтыған қарамастан, ешбір ерекшеліксіз өлім жазасына кесіледі.
2. Кімде-кім қасақана өтірік айтса, біреудің ізіне түсіп аңдыса немесе келіспей тұрған екеуінің біреуіне барып жақтасса, ол өлім жазасына кесіледі.
3. Кім суға немесе күлге дәрет алса, ол да өлім жазасына кесіледі.
4. Кім тауар алып, ақысын қайтара алмаса, тағы да тауар алып, ақысын қайтара алмаса, ол үш мәртеден соң өлім жазасына кесіледі.
5. Кім тұтқынға рұқсатсыз тамақ пен киім берсе, ол өлім жазасына кесіледі.
6. Кім қашқан құлды немесе тұтқынды тауып алып тұрып, иесіне қайтармаса, өлімге бұйырылады.
7. Кімде-кім ас ішіп жатқан адамдардың қасынан өтсе, аттан түсіп, олармен бірге ауқаттануы тиіс, ал аналар бұған қарсылық көрсетпеуге міндетті.
8. Әбу Әлидің ұрпақтары мен үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы факирлер және заңгерлер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәрәуіш -кезбелер, азаншылар алым-салықтардан азат етіледі.
9. Әскерлер соғысқа кеткенде, әйелдер ерлердің жұмысын істеуі міндетті.
10. Егер әмірлердің бірі кәнілі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.
11. Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтей білуге тиісті.
12. Мемлекет ішіндегі жай-жағдаяттардан дер кезінде хабардар болып отыру үшін нояндар мен сұлтандар байланыс жүйесін жолған қоюға міндетті.
13. Кісі өлтірген қылмысы үшін мұсылманға қырық алтын теңге (балаш), қытайлыққа бір есек түрінен құн төлеп құтылуға рұқсат етіледі.
14. Кімнен ұрланған жылқы табылар болса, ол атты иесіне тоғыз жылқы қосып қайтаруға міндетті.
15. Кәнизактан туған балалар заңды болып есептелінеді һәм әкесінің бұйрығы болған жағдайда дүние-мүліктен енші алуға құқылы. Дүние, мүлікті бөлу былайша жүзеге асырылады: жасы үлкеннің үлесі де үлкен, кішісі әке шаруашылығын иемденіп қалады. Балалардың үлкенді-кішілі жолдары олардың шешелерінің жол-жоралғысына қарай анықталады. Әйелдердің жол реті некеге тұру уақытына орай белгіленеді.
16. Әкесі өлген жағдайда оның мұрасына баласынан басқа адамның қақысы жоқ.
17. Ешкімнің де нояндар мен сұлтандар және басқа да шонжарлардың Жалпы кеңесте алдын-ала сайлауынсыз қаған жариялануға құқы жоқ. Мұндайда өлім жазасына бұйырылады.
18. Хан тұқымынан бөтен былайғы жұрттың құрметті лауазымға ие болуға қақысы жоқ.