Анықтама:Мазмұны/Бірінші қадам
Уикипедиядан
Help:Мазмұны |
- Қош келдіңіз!
- Уикипедия кіріспесі
- Негізгі бағыттау
- Уикипедия туралы
- Жобаға қалай кіремін?
- Не үшін тіркелгі ашайын?
- Қатысушы атын таңдау
- Тіркелу журналы
- Өңдеудің жылдам бағыттауы
- Құмжәшігі
- Сауалдарды қайда қояйын?
- Уикипедия терминдері
Жоғарыда «өңдеу» дегенді көріп тұрсың ғой? Уикипедияда сен тіркелмей-ақ мақалаларды қазірден өңдей аласың.
Уикипедия деген не?
Уикипедия деген көптеген оқырмандарымен бірлесіп жазылған энциклопедия. Бұл — «уики» деп аталатын және бірлесуді жеңілдететін ғаламтор торабының арнайы бір түрі. Мыңдаған адам сағатына мыңдаған өзгерістер жасай отырып, әрдайым Уикипедияны жақсартуда, сол өзгерістердің барлығы мақала тарихы мен жуықтағы өзгерістерге жазылып отырады. Бұрыс және жөнсіз өзгертілімдер әдетте тез жойылады да, қайталаушы бұзақы өңдеулерден одан ары оқшауландырылуы мүмкін.
Мен қалай көмектесе аламын? Өңдеулерден қорықпа — әркім дерлік кез-келген бетті өңдей алады. Пысық бол! Жетілдіре алатын кез-келген мақаланы тауып, соның мазмұнын, грамматикасын не форматын жақсартып көр.
Сен ештеңені бұза алмайсың. Бәрі кейінірек жөнделінеді. Сонымен баста, мақалаларды өңдеп, Уикипедияны Интернеттегі ең үздік ақпарат көзіне айналдыр!
Алғашқы өңдеуді бастау:
- Жаңа тақырыпты бастау үшін мұнда бас.
- Кез-келген тақырыпта мәтін тер.
- Тағы бір айта кететін жайт, Уикипедия форум емес екендігін есте сақтауыңды сұраймыз. Сенен ешбір жала, асылық, не сын болмауы тиіс.
- Төрт тілдені (~~~~) енгізу арқылы не қолтаңба иконасын басу арқылы қолтаңбаңды қой; бұл сенің атың мен сол күнгі датаны автоматты түрде жазып береді.
- «Қарап шығу» түймесі арқылы жазуыңды тексеріп, «Бетті сақта!» түймесі арқылы аяқта.