Менің Қазақстаным (ән)
Уикипедиядан
«Менің Қазақстаным» — 1956 ж. жазылған отаншыл ән. Қазақстан Республикасының Әнұранының негізіне алынған.
- Әні: Шәмші Қалдаяқов;
- Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов;
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы
Думанды бастады,
Далама қарашы!
Кең екен жер деген,
Жерге гүл шықты ғой.
Дән егіп терлеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім[1],
Жырың болып төгілемін,
Гүлің болып егілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Айналап қарасам —
Ғашықты жүрегім
Заманға жарассам —
Жарасып тұр елім.
Біздің ел — ордынды,
Көтерді туларды,
Желмен ол тербелді,
Термеде жырладым.
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Жырың болып төгілемін,
Гүлің болып егілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Сағымды далам бар,
Сабырлы көлім бар.
Қараңдар, жараңдар,
Осындай елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Ежелгі досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай.
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Жырың болып төгілемін,
Гүлің болып егілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
[өңдеу] Түсініктемелер
- ^ Кейде «Менің елім, менің жерім» деп те орындалады.
[өңдеу] Тыңдаңыз
- Менің Қазақстаным (а·?) — шолғышпен ойнату (b)
- Менің Қазақстаным әні Жамал Омарованың орындауында — 863 KB