Назарбаев, Нұрсұлтан Әбішұлы
Уикипедиядан
Назарбаев, Нұрсұлтан Әбiшұлы | |
---|---|
Қазақстан Республикасы Президентi
|
|
Туғаны: | 1940 ж. шілденің 6-ы Шамалған ауылы, Қаскелең ауданы, Алматы облысы |
Мансабы: | Қазақстан Республикасы Президенті |
Жұбайы : | Сара Алпысқызы |
Назарбаев, Нұрсұлтан Әбiшұлы — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.
[өңдеу] Өмірбаяны
1940 ж. шілденің 6-ы Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы Президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
[өңдеу] Үйлік жағдайы
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар: Дариға — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясат ғылымдарының докторы; Динара — Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.