Тасболатов, Абай Бөлекпайұлы
Уикипедиядан
Тасболатов, Абай Бөлекпайұлы | |
---|---|
Туғаны: | 1951 |
Мансабы: | Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан қолбасшысы |
Тасболатов, Абай Бөлекпайұлы — Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан қолбасшысы, генерал-лейтенант.
[өңдеу] Қысқаша өмірбаяны
1951 ж. туған.
Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищені, Мәскеу қаласындағы Ф.Э. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Ресей Федерациясының Әскери ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.
1969 ж. бері — Қарулы Күштер қатарында.
1973—97 жж. Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищесінде курсант взводы командирінен училище бастығына дейін жоғарылады. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бөлім бастығы болып қызмет атқарды.
Қазақастан Республикасы Әскери академиясының бастығы болып тағайындалған.
2002 ж. қаңтардан бастап Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарды
2006 ж. қаңтардың 21-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Абай Тасболатов Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан Қолбасшысының лауазымына тағайындалды.