Тасмағамбетов, Иманғали Нұрғалиұлы
Уикипедиядан
Тасмағамбетов, Иманғали Нұрғалиұлы | |
---|---|
Туғаны: | 1956 ж. желтоқсанның 9-ы Новобогат ауылы |
Мансабы: | Алматы қаласының әкімі |
Тасмағамбетов, Иманғали Нұрғалиұлы — 2004 ж желтоксан айынан бастап, 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ірі қаласы Алматының әкімі болып отыр.
[өңдеу] Қысқаша омірбаяны
1956 жылы желтоқсан айының 9 күні Батыс Қазақстан, Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келді. 1979 жылы Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының жоғрапия мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломын алды. 1990 жылы «Дүниетану аспектілерінің экологиялык проблемасы» тақырыбы бойынша диссертациялык, жұмыс қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 7 жылдан кейін ол «Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат» ғылыми зерттеу жұмысын таңдап, саясаттану ғылымдарының докторы болып атанды. 1981 жылдан 1991 жылға дейін КОКП ОК-ң мүшесі, 1990—91 жылдарда Қазақстан компартиясының ОК Политбюро мүшесі болды. Қазақстан Реcпубликасының 12 шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Еңбегі мен саяси өмірбаяны сол кездегі жалғыз жастар саяси ұйымы — Қазақстанның ЛКЖО-да басшылық қызметімен байланысты. 1979 жылдан Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитетінің және облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989 жылы ЛКЖО ОК, 1991 жылы Қазакстан Республикасының жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетін басқарды. 1993 жылы И. Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының президентінің көмекшісі болып тағайындалады. 1995 жылдан бастап ел басқарушы қызметінде жоғарғы орындарды атқарып, Қазакстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Казақстанның премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болады.
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, UNESKO ісі жөніндегі ҚР Ұлттық комиссясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті, академик А.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қор басқармасының төрағасы. И. Тасмағамбетов Монғолияға, Батыс Қазақстанға және Ресей Федерациясының Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет) және т.б. жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялар ұйымдастырған. Соның нәтижесінде 2000 ж Монғолиядан Қазақстанға ежелгі түбегейлі Күл-Тегін тас хаты кайтарылды.
Оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми енбектердің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы.
[өңдеу] Марапаттары
«Парасат» ордені (1998 ж), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2004 ж), Орыс Православиелік Шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасы» ордені, Ресей Федерациясының «Дружба народов» орденімен және көптеген алқалармен марапатталған.
[өңдеу] Жеке өмірі
И. Тасмағамбетов өзі айтқандай: «Мен ырымшыл емеспін, бірақ атеистте емеспін». Қазақстан тарихы, этнографиясы, археология мәселелеріне терең көңіл бөліп, Орталық Азия халықтарының қолтаңба өнерінің заттарын жинаумен айналысады. Үйленген, 2 қыз, 1 ұлбаланың әкесі, 2 немересі бар.