Тоқаев, Қасым-Жомарт Кемелұлы
Уикипедиядан
Тоқаев, Қасым-Жомарт Кемелұлы | |
---|---|
Туғаны: | 1953 мамырдың 17-і |
Мансабы: | Қазақстан Республикасы Парламент Сенаттың төрағасы |
Тоқаев, Қасым-Жомарт Кемелұлы — Қазақстан Республикасы Парламент Сенаттың төрағасы.
[өңдеу] Қысқаша өмірбаяны
1953 ж. мамырдың 17-інде туған.
Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Бейжін Тіл институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын бітірген. Саясат ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, француз тілдерін меңгерген. Дипломатиялық дәрежесі — Төтенше және Өкілетті Елші.
Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, шетелдік өкілдіктерде қызмет істеген.
1992 ж. наурызда — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары, Министрдің бірінші орынбасары.
1994 ж. қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі.
1999 ж. наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер Министрі.
1999 ж. қазан — 2002 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
2002 ж. қаңтар — 2003 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы — Сыртқы істер Министрі.
2003 ж. маусымнан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
2007 ж. қантар айынан — Қазақстан Республикасы Президенті жарлығы бойынша Парламент Сенаттың депутаты.
2007 ж. қантардың 11-інен Парламент Сенаттың төрағасы болып сайланды.
[өңдеу] Марапаттары
- «Парасат» ордені;
- «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені;
- «Астана» медалі;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі;
- «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі.
[өңдеу] Әдебиеттері
Қазақстанда, сондай-ақ шет елдерде жарық көрген халықаралық қатынастар мәселелері жөніндегі кітаптар мен бірқатар мақалалардың авторы.