Қасымбеков, Махмұд Базарқұлұлы
Уикипедиядан
Туғаны: | 1952 Жамбыл облысы |
---|---|
Мансабы: | Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы |
Қасымбеков, Махмұд Базарқұлұлы — Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы.
[өңдеу] Қысқаша өмірбаяны
1952 ж. Жамбыл облысында туған.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (1974 ж.), Алматы халық шаруашылығы институтын (1985 ж.), Алматы жоғары партия мектебін (1990 ж.) бітірген. Саясат ғылымдарының докторы, профессор.
Қазақстанның комсомол (1973—1983) және партия (1983—1990) органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.
1990—2004 жылдары — Президент аппараты мен Министрлер кабинеті Жалпы бөлімі, Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімі, Президент Кеңсесі, Президент Әкімшілігі Кеңсесінің меңгерушісі.
2004 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы.
[өңдеу] Марапаттары
«Құрмет», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған, Ғылым, техника және білім саласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.