New Immissions/Updates:
boundless - educate - edutalab - empatico - es-ebooks - es16 - fr16 - fsfiles - hesperian - solidaria - wikipediaforschools
- wikipediaforschoolses - wikipediaforschoolsfr - wikipediaforschoolspt - worldmap -

See also: Liber Liber - Libro Parlato - Liber Musica  - Manuzio -  Liber Liber ISO Files - Alphabetical Order - Multivolume ZIP Complete Archive - PDF Files - OGG Music Files -

PROJECT GUTENBERG HTML: Volume I - Volume II - Volume III - Volume IV - Volume V - Volume VI - Volume VII - Volume VIII - Volume IX

Ascolta ""Volevo solo fare un audiolibro"" su Spreaker.
CLASSICISTRANIERI HOME PAGE - YOUTUBE CHANNEL
Privacy Policy Cookie Policy Terms and Conditions
Бабыр — Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия

Бабыр

Уикипедиядан

Заһиридтин Мұхамед Бабыр - өзбек және үнді ел билеушісі, сардары, Ұлы Моғыл мемемлекетінің орнатушысы, ақын мен жазушы.

1483 жылы 14 февральда Ферғана облысында туған. Оның әкесі Омар Шайхы — Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі — Құтлық Нигар ханым Моғұлстан ханы, Шыңғысхан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр мен қазақтың тұңғыш тарихшысы — Мұхаммед Хайдардың шешелері — бірге туысқан, апалы-сіңілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар бөле.

1494 жылы Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана Әмірінің орны бос қалады. Осы кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан Әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз салып, Ферғана Әмірінің тағына таласады. Алайда, Омар Шайхының беделді бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана Әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген кезде, Самарқан, Бұқара, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Кабулды билеуші Темір тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Ақсақ Темір империясының әблден әлсіреткен еді.

Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет басына келген бала Бабырдың көп майданда күрес жүргізуіне тура келді. Ол бір жағынан өзінің туған қаласы Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет мырзаның шабуылынан сақтап қалуға тиіс болса, екінші жағынан, өзі отырған тағына өз туысы Жиһангер мырзадан қорғап қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс хандығының мұрагері, Әмір Темірдің әулеті санаған Бабыр Мауреннахрда бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрып, Темір ұ рпақтарының әр жерге шашырап жүрген әскери күштерін бір қолға топтастырмақ болды.

Осы кезде Самарқан мен Бұхара Әмірі Сұлтан Ахмет мырза қайтыс болып, оның аотында ұрпағы қалмады. Осыған байлансыты Самарқанда Темір әулеттерінің арасында таққа талас басталды. Осыны пайдаланған солтүстіктегі көшпелі өзбектер ханы — Шайбани хан өзінің қол астындағы адамдарын жинап алып, дереу Самарқанға қарай шеру тартады. Алайда самарқандықтар туған қаласын ерлікпер қорғап қалады. Бірақ ол уақыт өткізбей, Қаршы және Шахрисябз қалаларына бет алып, оларды жаулап алады да, бірден Бұқараға беттейді. Үш күн қоршауға шыдай алмаған Бұқара бектреі қаланы өзбектерге беріп қояды.

Өзбектердің Бұқараны басып алуы самарқандаықтардың үрейін ұшырады. Қаланың көптеген бектері Бабырға және ташкент Әмір Уейс мырзаға келіп, олардан көмек сұрайды Темірдің бұл екі әулеті де Самарқанға қарай шабады. Бірақ мұнда үкімет билігін Сұлтан Әли мырза өз қолына алып қойған еді. Бірақ ол өз маңайындағылардың опасыздық жасауға ыңғайланып жүргенін байқап қалып, қаланы Шайбаниға өзі беруге ұйғарады.

Жұма күндердің бірінде қала халқы намаз оқып жатқан кезде, Сұлтан Әли мырза аз ғана адамдармен жасырын түрде Самарқанды тастап шығып, Шайбаниға барады. Мұнан кейін қаланың басқа әмірлері мен белді бектері де қала жұртшылығының мүддесін сатып кетіп, Шайбаниды үлкен сый-құрметпен қарсы алады. Сөйтіп, өзбектер 1500 жылы Ақсақ Темір әулетінің көне астанасы — Самарқанды соғыссыз-ақ басып алады.

Бірақ Шайбани Самарқанда ұзақ тұра алмады. Самарқанның аса ірі ғұламаларының бірі — Абул Мекарим Бабырға хат жазып оның өз ата-бабасының астанасын басып алып, ондағы таққа отыруға шақырады. Сондай-ақ белгіленген уақытта оған қаланың қақпасын ашып беруге уәде береді.

Бабыр ғұламаның хантына жауап ретінде Самарқанға аттанады. Ол түнде ах ғана адамдармен қаланың ішіне кіріп, ондағы өзбек әскерлерін қырып салады да, таң атқанда өзін Самарқанның падишағы деп жариялайды. Алайда Бабырдың бұл падишалығы, өз сөзімен айтқанда, жүз-ақ күнге созылады. Өйткені Самарқан халқы үздіксіз ұрыстың нәтижесінде әбден арып-ашады. Бабыр осы ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайын жақсарту үшін өзінің Ферғанадан әкелген әскерлерін таратып жібереді.

Мұны білген Шайбани жақсы жарақтанған қалың қолмен Самарқанға шабуыл жасайды. Бабыр аз уақыттың ішінде шағын қол жинап алып, өзіне көмекке келе жатқан шағатайлықтар мен моғұлдарды күтпестен өзбектреге қарсы шықты. Зарафшан өзенінің бойында Шайбани әскерлерімен кездесіп, соғыс ашады.

Өзінің жеке басының асқан ерлік кетуіне қарамастан, Бабыр әскерлері жеңіліп, Бабырдың өзі Самарқанға келіп тығылды. Шайбани төрт ай бойы қаланы қоршап алды. Аштық күшейе берді. Қаланың көптеген бектері аштыққа шыдай алмай, өзбектреге өтіп кетіа жатты. Өзінің осындай ауыр жағдайға душар болғанын сезген Бабыр бір түнде Самарқанды тастап шығып, Ташкенттегі ағасы, Моғұл ханы — Махмұдқа барды. Бабырдың өзіне тиген еншісі — Әндіжан өлкесі де бұл кезде өзбектердің қолында болатын. Енді Бабыр Әндіжанды азат етіп алу үшін Махмуд ханнан көмек сұрады.

1501 жылдың қысында моғұл әскерлері жорыққа аттанады. Бірақ Шайбани әскерлері оларды Сырдария бойында тас талқан етті. Бабыр енді Моғұлстанның солтүстік-шығыс облыстарына қарай қашты. Осы күннен бастап Бабыр өз сөзімен айтқанда, шахмат королі сияқты бір бұрыштан бір бұрышқа тығылумен болды. Ақыры 1504 жылы Кабул бектерінің көмегімен ондағы үкімет билігін өз қолына алады және жақсы жарақтанған әскер құрады.

Жеңістен жеңіске жетіп желіккен көшпелі өзбек ханы Шайбани Темірдің соңғы көрнекті ұрпағы Сұлтан Хусайын мырзаның Әмірлігін де басып алуға әзірленеді. Шайбанидің аяқ алысынан қауіптенген Ақсақ Темір тұқымдары — Хисар, Хатлан, Куляб, кундуз, бадахшан Әмірлері өзара одаққұрады. Міне осы одаққа бабыр да енеді. Одақтың басшысы болып Хисардың Әмірі Хусрау-шах тағайындалады. 1504 жылы июльде ол өзінің әскерлерімен Кундузға қарай аттанады. Бірақ осы жерде жол тосқан өзбектреден қатты жеңіліп, өзі тұтқынға түсіп, сол жерде қаза тапты. Одақтастардың бұдан былайға шабуылы өздерінің өзара ұрыс-керісі салдарынан тоқтап қалады. Осы кезде Шайбани Бұқарадн Хорезмге қарай шабуыл жасап, 1505 жылы Үргенішті басып алды.

1506 жылы көктемде Хусайын мырза қайтыс болады. Оның орнына екі баласы Бадиуззаман мен Мұзаффар-Хұсайын қалады. Шайбани Балх қаласын қоршайды. Тек күздің басында ағалы інілі мырзалар әскер жинап, Балхқа көмекке келеді. Жолшыбай оларға өз әскерлерімен Бабыр қосылады. Бірақ бұлар келіп жеткенше, әбден әлсіреген Балх тұрғындары өзбектерге беріліп қояды. Ал, Шайбани болса, өзімен соғысқалы келе жатқан Темір әулеттерімен майданға түспей , Мауреннахрға қарай бет алады. Одақтастар жаудың ізіне түсіп, оны талқандаудың орнына келер көктемге дейін соғыс әрекеттерін бастамауға келіседі.

1507 жылдың майында Шайбани хан Әмудариядан өтіп, Хорасан жеріне барады. Темірдің соңғы әулеті Сұлтан Хұсайын мырзаның астанасы — Герат дұшпан алдында әлсіздік көрсетеді. Шайбани Гератты жаулап алып, өзінің жаугершілік жолында Иран шекарасына жетеді… Ал, Иран шахы Исмаил Шайбанидің бұл қылығын ұнатпайды. 1510 жылы Исмаил Хорасан жеріне жорық жасайды. Осының алдында ғана, 1508 жылы қазақтар мен моғұлдардың бірігіп күш көрсетудің нәтижесінде Шайбани бастаған өзбек әскерлері Сырдария бойында үлкен жеңіліске ұшыраған еді. Сондықтан олар Инран әскерлеріне қарсы керісуге жарамайды. Мұны сезген Шайбани өзінің аз ғана адамдарымен Мерв қаласына барып тығылады. Бірақ кейінгі бір ұрыста Шайбани қаза тауып, әскерлері талқандалды. Сөйтіп Гератты Иран шахы Исмаил басып алады.

Осы кезде Бабыр өзінің ең қауіпті дұшпаны Шайбанидің қаза тапқанын естіп, өзінің бұрынғы патшалығын өзбектерден қайта тартып алу үшін әрекет жасайды. Осы мақсатпен ол Иран шахына ұсыныс жасайды. Шах бұған келіседі. Сөйтіп Бабыр Кабулдан қалың қолмен аттанып, Әмудариядан өтіп, Хисарға келеді. Қарсылық көрсеткен өзбек отрядтарын қиратып, Мауреннахрдың көптеген бөлігін (Хисарды, Кулыбты, Кундузды, Бадахшанды) басып алады. Сөйтіп, Самарқанға қарай бет алады. Осы жорықта Бабырдың қасында жүрген оның туған бөлесі, «Тарихи-Рашиди» кітабының авторы Мұхаммед-Хайдар Дулатидің айтуына қарағанда, қатал көшпеліліерді жеңіп шыққан Бабырды Самарқан халқы қуанышпен қарсы алады. Оның жолына жібек кілем төсейді. Көшелер қызыл гүлге бөленеді. Сөйтіп 1511 жылы Бабыр Самарқанға салтанатпен кіреді. Бірақ Бабардың Иран шахы Исмаилмен одақтас болуы самарқандықтарды қатты мазасыздандырады.

Мешітке Хутба оқылып, онда Бабырды падишах деп дариялайды. Бұл хутбада қызылбастардың (ирандықтардың) он екі имамының есімі аталып, Исмаил шахтың аты да қосыла оқылады. Міне осы жағдай Бабырдан самарқандықтардыфң көңілін сутты. Оның үстіне самарқандықтарға сенген Бабыр өз қолындағы Иран әскелерін таратып жібереді.

Міне Бабырдың осы қателігін көшпелі өзбектер тағы да пайдаланады. Олар 1512 жылы Мауреннахрға тағы шабуыл жасайды. Бабыр аздаған күшпен оларғы қарсы шығып, оларға ұрыс ашады. Бірақ қатты жеңіліп Хисарға қарай қашады. Мұнда келгеннен кейін бекіністер жасап, қаланың көшелерімен бұрыштарында тосқауыл тұрғызады. Көмек сұрап, Исамил шахқа кісі жібереді. Мұны естіген өзбектер мауреннахрға қайтып кетеді.

1512 жылдың күзінде Нәжімсани бастған 60 мың кісілік Иран әскері Әмудариядан өтіп, Термез төңірегінде Бабыр қолына қосылады. Қызылбастар әулеті Хизарды, кейін Қаршы қаласын басып алады. Олар бейбітхалақты жаппай қырғынға ұшыратады. Соның ішінде атақты әрі Шайбани ханның өзара тарихшысы Бенаи да қаза табады. Мұнан кейін қызылбастар Бабырмен бірігіп, Гиджубанға қарай аттандаы. Бірақ өзбектер бұлардан бұрын Гиджубанға келіп, ұрысқа әзірленеді. Әскерлерін көше бойымен қатар тізіп тастайды. Қызылбастар мен Бабыр қолы қалаға енгенде, өзбектер бұрыш бұрыштан оларды атқылай бстайды. Оқ астында қалған қызыбастар тасада тұрған өзбек әскерлеріне еш шара қолдана алмайды. Бабырдың өз басынан асқан ерлік көрсетуіне қарамастан ағы да жеңіліске ұшырайды. Иранның әскер басы Нәжімсани мен оның офицерлері қаза табады. Бабыр тағы да Хисарға қашады, одан әрі Кабулға кетеді.

Бабыр Кабулда ұзақ жылдар болып, Үндістанды жаулап алу жоспарын жасайды. Бұл істе оған өзінің өмірлік тәжірбиесі, өзбектер мен ұрыстаалған сабақтары көп көмек көрсетеді. Үндістанға жорыққа Бабыр 14 жыл әзірленеді. Осы жылдардың ішінде ол армияны қайта құрады, зеңбіректер жасайды, соғыс тактикасын жетілдіре түседі. Сөйтіп, 1526 жылдың қарашасында Бабыр 12 мың кісілік қолмен Пенджабқа кіреді де Делиге қарай бет алады. 1526 жылы 21 сәуірде Панипат маңында Үндістанның тағдырын шешкен үлкен ұрыс болды. Бұл кезде Бабыр ысылған қолбасшы болып қалған еді. Ол қызылбастартардың зеңбіректерімен соғысын және көшпелі өзбектердің «толғама» атты әскери тактикасын шебер меңгерген болатын. Міне осы ұрыс әдістерінің нәтижесінде Бабыр 12 мың әскермен Дели патшасы сұлтан Ибрагим Лодидың 40 мың кісілік қолын жеңіп шығады. Сөйтіп қазіргі Ауғаныстан мен Үндістан жерінде «Ұлы моғұлдар империясы» аталған үлкен мемлекет құрылды.

Сонымен Үндістан Бабырдың екінші отаны болды. Ол мұнда үлкен мәдени жұмытсар жүргізді, аса күрделі құрыластар салды, елдің ең таңдаулы ақындары мен ғалымдарын өз маңына топтады. Дегенмен, оның өмірінің соңғы кезі де қайғы-қасыретпен өтті.

Ең алдымен ол өзінің туып-өскен, жастық шағын өткізген Отанын — Мауреннахрды сағынды, оның үстіне жеңліген дұшпандар да қарап жатпады, оған қарсы астыратын күрес жүргізді. Мәселен, Ибрагим Лолидің шешесі Бабырдың асына у қосып беріп, оны улап өлтірмек болды. Бабырға Үндістанның ауарайы да жақпады. Біресе ыстық соғып, біресе салқын тиіп, ауыра берді. Ақырында ол 1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда қайтыс болды. XVII ғасырдың басында оның денесі әкелініп, өзінің көзі тірі кезіндегі өсиет бойынша, биік төбенің бауырындағы бақ ішінде жерленеді, басына мәмәрдан құлыптас қойылды.

Міне содан бері төрт ғасырдан астам уақыт өтті. Дүниеге ондаған мемлекеттер келіп,ондаған мемлекеттер кетті. Милиондаған адам туып, миллиондаған адам қайтыс болды. Алайда солардың ішінен Бабырдың батырлық тұлғасы, жасаған жорықтары мен жүргізілген ұрыстары әлі күнге дейін ұмытылмай келеді. Әрине, бұған ең бірінші себепкер — Бабырдың өзі және өз қолымен жазған «Бабырнама» атты атақты еңбегі. Бабыр тек жалаң саясатшы, жауынгер қолбасшы ғана болмаған, сонмыен бірге ол XVI ғасырдың атақты ойшылдарының бірі.

Бабыр жазушы-ғалым ретінде өз артынан едәуір әдеби мұра қалдырған адам. Оның біздің заманымызға жеткен еңбектерінің ішінен «Бабырнаманы», «Мубайин» атты өлеңдер жинағын, «Хәтти Бабри» атты өзі жасаған жаңа алфавитті, махаббат тақырыбына жазылған көптеген газелдер мен төрт жолдық өлең шумақтарын ерекше атуға болады. Бабыр сонымен бірге музыка, поэзия және соғыс туралы да көптеген трактаттар жазған. Бірақ өкінішке қарай, оның бұл еңбектері біздің заманымызға жетпеген.

Бабыр еңбектерінің іішінде «Бабырнаманың» алатын орны ерекше. Бабыр парсы тілін жақсы білгенімен, «Бабырнаманы» өзінің ана тілі — түркі тілінде жазған. Бұл шығарма Бабырдың есейген шағында, патша болып тұрған кезінде, Үндістанда жазылған. Сондықтан да автор мұнда көбінесе өзінің жастық шағын, өзі туып өскен жерлерді сағынышпен еске түсіреді. Кітап сол кездің әдебиетіне тән сөзуарлық, тақуалық, тілмарлықтан аулақ, халыққа түсінікті қарапайым тілмен жазылған. Шығарманың басты кейіпкері автордың өзі. Шығармада, ол бір жағынан, айлакер, саясатшы, қатал қолбасшы ретінде көрінсе, екінші жағынан, әдебиетке, өнерге, ғылымға ерекше ықыласпен қараған, қамқорлық жасаған кісі болып танылады.

Бірақ «Бабырнама» — тек түрік монархының ғана өмірбаяны емес, сонымен бірге ол өз заманының тамаша тарихы. Бұдан XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында Орта Азия, Хорасан, Ауғансытан және Үндістанда болан саяси оқиғалар мен ұрыстар тарихын анық көресін. Автор сонымен бірге өз замандастырының — әмірлері мен бектердің, ақындар мен ғалымдардың, суретшілер мен зергелердің тамаша бейнесін бере білген. Олардың түрі, киімі, әдет-ғұрпы, талғамына дейін бастан аяқ суреттеген. Сол сияқты өзі жүрген елдің географиялық жағдайын, ауа райы, шаруашылығын, кәсіпшілігін де жазып отырған.

«Бабырнамада» суреттелетін үстем өкілдерінің ішінен Омар Шайхы, Сұлтан Ахмет, Сұлатн Махмұд, Хұсайын Байқара бейнелері ерекше орын алады. Бұлардың іс әрекеттері үлкен тарихи оқиғаларға байланысты берілген. Мәселен, Бабыр бір кездегі әрі ақылды, әрі батыр Хусайын-Байқараның кейін азғындыққа салынып, қоян жүрек қорқақ адамға айналғанын әсем суреттейді. Міне соның нәтижесінде Хусайын Бақара билеген Герат хандығы азып тохып кеткен. Кітапта сонымен бірге падишах пен әмірлерге, әскер басыларымен тарихандарға да елеулі орын берілген. Өйткені бұлар Орта Азия мен Хорасанның XV-XVI ғасырладағы тарихында елеулі роль атқарған. Бабыр тархандар мен әскер басылардың қорқаулығын, сарандығын, мансапқорлығын шебер суреттейді. Олардың қандай жолмен болса да, басып алуға тырысқан әрекеттерін әшкерелейді.

Бабыр өз кітабында тек әмірлер мен тархандардың ғана бейнелерін жасамаған, сонмыен бірге ол заманда өмір сүрген Орта Азияның аса ірі мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің де бейнелерін бере білген. Ол тәжік әдебиетінің ұлы классигі Абдрахман Жәми, түркі әдеби тілінің негізін салушы Әлішер Науаи, XVI ғасырдың атақты суретшілері Камаладдин Бекзад, Шах-Музаффар және басқалар туралы өте жоғары пікір айтады. Мәселен, Бабыр Әлішер Науаи жөнінде былай деп жазады: «Әлішер бек теңдесі жоқ адам еді. Түркі тілінде өлең жазғандардың ішінде одан көп және одан жақсы жазғаны жоқ. Әлішер бек сияқты ғылым мен өнерге қамқорлық жасаған адам бұран-сонды болды ма? Ұста бекзад пен Шах Музаффар да Әлішердің қамқорлығы мен көмегінің арқасында өз өнерлерін өрістетіп, үлкен атаққа ие болды. Ол салдыран пайдалы құрылыстар сияқты жүргізген адам кемдекем»

«Бабырнамадан» бұдан басқа да көптеген құнды материалдар табуға боады. Жалпы Орта Азияны, Ауғаныстанның және Үндістанның XV-XVI ғасырлардағы тарихы жөнінде мәлімет алғысы келгендердің қай-қайсысы болса да «Бабырнамаға» соқпай кете алмайды.

Static Wikipedia (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - en - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -

Static Wikipedia 2007 (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - en - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -

Static Wikipedia 2006 (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu

Static Wikipedia February 2008 (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - en - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu