Юән
Уикипедиядан
Юән (жалпы: 元; дәст. қытайша: 圓; жеңіл. қытайша: 圆; пинйін: yuán; Wade-Giles: yuen; дәлме-дәл «дөңгелек») — қытай тілінде пұлдың жалпы атауы. Мысалы АҚШ доллары Мейюән (美元) болады. Бірақ, халықаралық ортада, юән бірнеше қытай пұл бірліктеріне қатысты, соның ішінде женминби (CNY) және Жаңа тайуан доллары (TWD) кіреді.
Бір юән 10 жәу (角) дегенге бөлінеді немесе ауызша мау (毛). Бір жәу 10 фын (分) дегенге болінеді. Шәңғаң және Мақау аумақтарында кең жайылған юе тілінде, жәу және фын дегендер хо (毫) және сін (仙) деп аталады. «Сін» сөзі ағылшынша: cent дегеннен шыққан.
[өңдеу] Тектесуі
Чиң әулеті дәуірінде Қытайда күмістен дөңгелек шақа шығару бастаған, содықтан шақалар юән («дөңгелек») деп аталып кеткен.
Қытай сандары сияқты, юән таңбасы екі түрде: жоралауы кем — 元, және жоралауы артық — 圓 не 圆, соңғысы боямалық пен есеп қателіктен сақтану үшін пайдаланылады. Жапон ені түпнұсқа түрінде бұрын 圓 деп жазылған, бірақ соңра 1946 ж. тойо кандзи жарияланған бойынша жайдақтап 円 таңбасымен жазылып кетті. Кәріс уоны Екінші Дүниежүзлік соғысынан соң 圓 таңбасымен белгіленген және де 圜 таңбасымен — 1902—1910 жж., бірақ ағымда екі кәріс мемлекеттерінде тек былай — 원 хангүл арқылы жазылады. Қытайша жазғанда Шәңғаң доллары және Мақау патакасы юән деп жазылады.
Қытай мен Тайуан дүкендерінде бағаларды сандардың соңынан қойылған 元 таңбасымен белгілейді. Тағы да Қытайдың өзінде, сандардың алдында қойылған ¥ латын нышанымен (қазақша екі таяқшасы бар Ұ әрпіне уқсас) белгіленеді.
Қытайша юән сөзі бір буынды екпінмен айтылады, /йен/ дегенге жақын. Қытайдың көп аумақтарында ауызша қуай (дәст. қытайша: 塊; жеңіл. қытайша: 块; пинйін: kuai; дәлме-дәлді «бөлшек») деп те айтылады.