Қазақтың ұлттық ою-өрнегі
Уикипедиядан
Қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері. Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгірлері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кезкезді. Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үйіші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)