Қытай қазақтары
Уикипедиядан
Қытай қазақтары — Қытайдағы Шинжәң Ұйғыр аутономиялық районының Іле Қазақ аутономиялық облысына дереу қарасты аудандары, қалалары, Алтай, Тарбағатай аймақтары, Санжы Дүнген аутономиялық облысы және оның Мори Қазақ аутономиялық ауданы, Құмыл аймағының Баркөл Қазақ аутономиялық ауданы және Үрімжі қаласының негізгі мекендеген жұрты. Гансу өлкесінің Ақсай Қазақ аутономиялық ауданымен Чиңхай өлкесінде де азын-аулақ қазақтар бар.
2000 ж. Қытай мемлекеті бойынша 5-ші реткі жұрттанушылық санақ нәтижесінде қазақ жұрт саны 1 250 000 болған, соның көбі Шинжәң Ұйғыр аутономиялық районында. Шинжәңдағы 13 байырғы ұлттың ішнде қазақтар халық саны бойынша 3-ші орында тұрады.
Іле Қазақ аутономиялық облысы — Қытайдағы бірден-бір қазақ аутономялық облысы, оның қарауында, облысқа төте қарасты 8 аудан, 2 қала, 2 аймақ бар. Іле шығыстағы Мори, Баркөл қазақ аутономиялық аудандары мен, Гансу өлкесінің Ақсай Қазақ аутономиялық ауданымен қатар аутономиялық облыс болып құрылған.
Қытай қазақтарында өз ұлтынан шыққан айтыс ақыны, ақын-жазушы, суретші, сазгер, биші, сондай-ақ әр кәсіптің профессорлары, ғалымдары сияқты әдебиет-өнер дарындылары және зиялылар қосыны бар. Олардың арасынан талайлары мемлекеттік, өлкелік сыйлықтардың иегерлері болған, тіпті шетелдерде де сыйлық алғандары бар.
Қытайда арнаулы қазақ тіліндегі радио және теледидар стансалары, қазақша Интернет тораптары, үнқағаз-журнал, баспалар бар.