Жалпы ішкі өнім
Қазақша Уикипедияның мағлұматы
Ішкі Жалпы Өнім, ІЖӨ (ағылшынша: Gross Domestic Product) — мемлекет территориясындағы экономиканың барлық салаларындағы өндіріс факторларының азаматтыққа байланыссыз қолдануға, экспорттауға және жинақтауға бір жыл ішінде өндірілген барлық ақырғы (яки тікелей пайдалануға арналған) тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасы.
Номиналды (ағылшынша: nominal GDP) ІЖӨ (абсолютті) және нақты ІЖӨ (ағылшынша: real GDP) ІЖӨ (инфляцияға түзетілген). Нақты ІЖӨ-де қандай дәрежеде ІЖӨ өсімі, баға өсімімен емес, нақты өндіріс өсімімен анықталатындығы есепке алынады.
ІЖӨ, импортты есептемегенде, пайдалану, инвестиция, мемлекеттік шығыс пен экспорттар көлемдерінің қосындысы болып есептеледі. ІЖӨ әр квартал сайын бір есептеледі. ІЖӨ 3 түрлі тәсілмен есептеледі:
- табыс бойынша — халық, корпорациялар табыстары, жинақтаулар пайыздары, мемлекеттің іскерлік табыстары, импортқа және өндіріске салығы түріндегі табысытарының қосындысы;
- шығыс бойынша — үй шаруашылығының пайдалану шығысы, фирмалардың инвестициялық шығыстары, мемлекеттің тауарлар сатып алу шығыстары, қызметтер мен инвестициялар және таза экспорт (эспорттан импортты алып тастағандағы) қосындысы;
- өндірілген өнімдер қосындысы бойынша — тек қана әр фирманың қосылғын бағаларының қосындысы (берілген мекеме қойған қосылған баға).
ІЖӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ІЖӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді.
ІЖӨ көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынды АҚШ алады, ал жан басына шаққанда алғашқы орынды Лүксембор алады.