Ақтөбе облысы
Уикипедиядан
|
|||||
Облыс орталығы | Ақтөбе | ||||
Әкімі | Елеусін Сағындықов | ||||
Әкімшілік аумақтары — Аудандар — Облыстық қалалар — Басқа қалалар — Кенттер — Ауыл аймақтар Ұйымдастырылғаны |
12 1 Ақтөбе 5 2 {{{Established}}} |
||||
Аумағы Бүкіл — Жері — Суы |
300,000 km² ([[Қазақстан облыс тізімі (аумағы бойынша сұрыпталған)|]]) km² km² % |
||||
Жұрт саны — Бүкіл (1999) — Тығыздығы — Жылға өсуі |
682,600 ([[Қазақстан облыс тізімі (жұрт саны бойынша сұрыпталған)|]]) /km² % |
||||
Орташа жалақысы () — Жылға өсуі |
$ ([[Қазақстан облыс тізімі (жалақы бойынша сұрыпталған)|]]) % |
||||
Белгілері — Пошта белгісі — ISO 3166-2 — ӘАНК — FIPS 10-4 — Көлік белгісі |
15 00 00 000 0 {{{VRPCode}}} |
||||
Веб-торабы | http://www.akimat.info |
Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.
Мазмұны |
[өңдеу] Халқы
1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның 383,7 қала, 298,9 мыңы ауыл тұрғындары. Олар 91 ұлтттар мен ұлыстардың өкілдері.
[өңдеу] Транспорт инфраструктурасы
Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңқыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған.
[өңдеу] Экономикасы
[өңдеу] Өнеркәсібі
Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында Қазақстанның көмірсутекті шикізатының (мұнай, газ және газ конденсаты) 10 % барланған қоры және болжамды ресурстарының 30 %, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55 %, титан — 40 %, фосфор — 34 %, мырыш — 4,7 %, мыс — 3,6 % , алюминий — 2 %, көмірдің 1,4 % жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн. тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн. тн.(құрамында таза мыс-1,5 млн.тн.) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн.тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді. Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Облыстың экспорттауға бағытталған ірі кәсіпорындары — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «№406 ГА авиажөндеу зауыты», «Ақтөберентген» ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал. Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналып, Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұзы өндірісінің, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45 % шығаруды топтастырды. Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді, оның 545-і Ақтөбе қаласында орналасқан. 2002 жылы олардың шығарған өнімдері 139,3 млрд. теңгені құрады.
[өңдеу] Ауыл шаруашылығы
Ақтөбе облысы — Қазақстан Республикасындағы ірі ауылшаруашылық аймағы. Ақтөбе бидайы жоғары құрамдағы белок және клейковинімен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы түсімі 2002 жылы 21,5 млрд. теңгені құрады. Бір жылдағы сүт өндірісі 225,5 мың тн., жұмыртқа — 83,8 млн. дана, ет- 70,5 мың тн. құрады.
[өңдеу] Мәдени саласы
Ақтөбе қаласы еліміздің батыс өңірінің ірі мәдени, білім және ғылым орталығы болып саналады. Қалада 11 жоғарғы, 16 арнаулы оқу орны бар. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина Академиясы, Жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесі және т.б. тек қана Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал оқу орындары бар. Қалада қазақ және орыс труппасы істейтін драма театры, қуыршақ театры, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Кеңестер Одағының батыры Алия Молдағұлова атындағы мұражайы қызмет істейді.
[өңдеу] Сыртқы сілтемелер
Қазақстанның республикалық әкімшілік аумақтары | |
---|---|
Облыстар: Ақмола | Ақтөбе | Алматы | Атырау | Батыс Қазақстан | Жамбыл | Қарағанды | Қостанай | Қызылорда | Маңғыстау | Оңтүстік Қазақстан | Павлодар | Солтүстік Қазақстан | Шығыс Қазақстан Республикалық маңызы бар қалалар: Астана | Алматы | Байқоңыр |