Еуропа
Уикипедиядан
Еуропа — Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.
Жер көлемі — 10 млн km2. Адам саны — 727 млн адам.
Географиялық ортасының координаттары: 47°56′18″ N 24°11′18″ E.
Су шекарасы Атлант және Арктика мұхиттары және олардың теңіздерімен шектеседі. Аралдардың аумағы шамамен 730 мың km.
Түбектер Еуропаның шамамен 1/4 бөлігін құрайды (Қола, Скандинав, Пиреней, Апеннин, Балқан және т.б. түбектері).
Орташа биіктігі 300 m, ең жоғарғы нүкте — 5642 m. (Мәнгі тау не Эльбрус тауы).
Жер аумағының көбі — жазықтық (ірілері — Шығыс Еуропа, Орта Еуропа, Орта және Төменгі Дунай, Париж бассейні), таулары — жер аумағының 17 % алып жатыр (бастылары — Әлпілар, Қарпаттар, Пиренейлер, Апенниндер, Орал таулары, Скандинав таулары, Балқан түбегі таулары). Сөнбеген жанартаулар Исландияда және Жерорта теңізінің аумағында.
Аумақтың көбінде қоңыржай климат (батыста — океандық, шығыста — қарлы және салқын қысты континенталды), солтүстік аралдарда — субарктикалық және арктикалық, Оңтүстік Еуропада — жерорталық. Арктика аралдарында, Исландияда, Скандинав және Альп тауларында — мұз басу (оледенение) (аумағы 116 мың km2
Негізгі өзендері: Еділ, Дінепір, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Дунай, Висла, Одра, Елбе, Рейн, Луара, Рона, Тахо.
Негізгі көлдері: Ладога, Онега, Чуд, Венерн, Балатон, Женева.
Арктика аралдарында және Арктика мұхиты жағалауында — арктикалық шөлдер және тундралар, оңтүстікке қарай — орманды тундралар, тайгалы, аралас және қалыңжапырақты ормандар, орманды далалар, далалар, субтропиктік жерорта ормандары және бұталар; оңтүстік-шығыста — шөлейттер.
[өңдеу] Мемлекеттер
Еуропада 48 мемлекет орналасқан (тұтастай немесе жартылай)
[өңдеу] Бөлінуі
Еуропаны, жалпы алғанда Солтүстік және Оңтүстік Еуропаға, Батыс және Шығыс Еуропаға және Орталық Еуропаға бөледі. Бұл шартты түрдегі бөлу, бұл жерде тек қана жағырапиялық қана емес, саяси ықпал да бар. Кейбір мемлекеттер «көру бұрышына» байланысты әр түрлі мемлекеттер тобына жатқызылуы мүмкін.
Кеңес үкіметі заманында Еуропаны Шығыс пен Батысқа бөлу саяси сырмен түсіндірілген — Шығыс Еуропаға Герман Демократиялық Республикасын, Полонияны, Чехослоуакияны, Мажарстанды, Румыния, Албанияны, Югославияны және КСРО-ның Калининградтан Орал тауларына дейінгі аумақтарын жатқызды. Испания, Португалия, Франсия оңтүстігі, Италия, Малта, Қыбыр, Юнанстан және Түркия Оңтүстік Еуропаны құрады, ал Исландия, Норуегия, Ісуіш, Дания және Финландия — Солтүстік Еуропаны құрады.
Осылайша, КСРО, Югославия және Чехословакия тарағаннан кейін, қазіргі заманда Орталық Еуропаға Полонияны, Чехияны, Слоуакияны, бұрынғы Югославия елдерін, Румынияны, Мажарстанды, Аустрияны, кейде Балтық елдерін жатқызады. Шығыс Еуропаға — Ресей Федерациясын, [[Беларус]ты, Украина және т.б. жатқызады. Батыс Еуропаға — Құрама Патшалықты, Ирландияны, Франсияны, Алмания және т.б. жатқызады.