Бөкейханұлы, Әлихан Нұрмұхамедұлы
Уикипедиядан
Бөкейханұлы, Әлихан Нұрмұхамедұлы | |
---|---|
Туғаны: | 1870 Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы |
Қайтыс болғаны: | 1937] |
Бөкейханұлы (Бөкейханов), Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870—1937) — көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алаш Орда үкіметінің төрағасы.
Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.