Тінтуір
Уикипедиядан
Тінтуір (ағылшынша: mouse — тышқан) — ең кең тараған көрсеткі құрылғы.
Тінтуірдің бір қолмен ұстауға арналған, жайпақ табанды қаптамасы, үстінде бір немесе бірнеше батырмасы, түп жағында көп бағытты бергіш құрылғысы (әдетте кішкентай шар) және оны компьютерге жалғайтын сымы болады.
Тінтуірді қозғай отырып, пайдалану бейнебеттегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте элементтер мен әмірлер таңдау үшін пайдаланушы тінтуір батырмаларының бірін басып, тінтуір нұқымын жасауы керек.