Қазақстан Республикасының Конституциясы (5 бөлім)
Уикипедиядан
Мазмұны: | Үсті — 64-бап 65-бап 66-бап 67-бап 68-бап 69-бап 70-бап |
---|
[өңдеу] V бөлім, Үкімет
[өңдеу] 64-бап
- Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
- Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде Республика Президентiнiң алдында жауап бередi, сондай-ақ Конституцияның 53-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентiне есеп бередi.
- Конституцияның 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент палаталарына есеп бередi.
- Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.
[өңдеу] 65-бап
- Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрады.
- Республика Премьер-Министрi тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi.
- Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi.
[өңдеу] 66-бап
- Қазақстан Республикасының Үкiметi:
- мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
- Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
- Мәжiлiске заң жобаларын енгiзедi және заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi;
- мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады;
- Республиканың сыртқы саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
- министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды;
- Республиканың министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары актiлерiнiң күшiн толық немесе қолданылу бөлiгiнде жояды немесе тоқтата тұрады;
- Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- алынып тасталды
- өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындайды.
ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 66-баптың 4) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.17. N 4/2 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 66-баптың 5) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12. N 1/2 қаулысымен.
[өңдеу] 67-бап
- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi:
- Үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi;
- өзi тағайындалғаннан кейiнгi бiр ай iшiнде Парламентке Үкiмет бағдарламасы туралы баяндама ұсынады, ал ол қабылданбаған ретте екi ай iшiнде Бағдарлама туралы қайтадан баяндама ұсынады;
- Үкiмет қаулыларына қол қояды;
- Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде және оның аса маңызды барлық шешiмдерi жөнiнде Президентке баяндап отырады;
- Үкiмет қызметiн ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтердi атқарады.
[өңдеу] 68-бап
- Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие әрі өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi. Үкiметтiң жүргiзiп отырған саясатымен келiспейтiн немесе оны жүргiзбейтiн Үкiмет мүшесi орнынан түсуге өтiнiш бередi не ол лауазымнан босатылуға тиiс.<*>
- Үкiмет мүшелерiнiң өкiлдi органдардың депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ.
ЕСКЕРТУ. 68-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.10.07. N 284 Заңымен.
[өңдеу] 69-бап
- Қазақстан Республикасының Үкiметi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар қаулылар шығарады.
- Республиканың Премьер-Министрi Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар өкiмдер шығарады.
- Үкiметтiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi Конституцияға, заң актiлерiне, Республика Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiне қайшы келмеуге тиiс.
[өңдеу] 70-бап
- Үкiмет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында өз өкiлеттiгiн доғарады.
- Егер Үкiмет және оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрі жүзеге асыру мүмкiн емес деп есептесе, олар Республиканың Президентiне өз орнынан түсетiнi туралы мәлiмдеуге хақылы.
- Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген ретте Үкiмет орнынан түсетiнi туралы Республиканың Президентiне мәлiмдейдi.
- Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi Республиканың Президентi он күн мерзiмде қарайды.
- Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
- Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған жағдайда Президент оған мiндеттерiн одан әрі жүзеге асыруды тапсырады. Парламенттiң сенiмсiздiк бiлдiруiне байланысты Үкiметтiң орнынан түсуi қабылданбаған жағдайда Президент Парламенттi таратуға хақылы.
- Республиканың Президентi өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрдi қызметiнен босату бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.