Астрономия
Қазақша Уикипедияның мағлұматы
Астрономия (грекше астрон - жұлдыз, ал номос – заң), физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі Қазіргі астрономияның зерттеу ауқымы кеңейіп, көп салалы ғылымға айналды.Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелерінде жұлдыздар (соның бірі – Күн),планеталар (соның бірі – Жер), планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі – Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады.