Балиева, Зағипа Яхияқызы
Уикипедиядан
Балиева, Зағипа Яхияқызы | |
---|---|
Туғаны: | 1958 ж. қазанның 3-інде Алматы облысы, Кеген ауданының Жалаңаш ауылы |
Мансабы: | Қазақстан Республикасы Әділет министрi |
Жұбайы : | Балиев, Мұхтар Абзалұлы |
Балиева, Зағипа Яхияқызы — Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
[өңдеу] Қысқаша өмірбаяны
1958 ж. қазанның 3-інде Алматы облысы, Кеген ауданының Жалаңаш ауылында дүниеге келген.
1981 ж. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы — заңгер-құқықтанушы.
Еңбек қызметін АПТУ-да лаборант болып бастаған
1981—82 жж. — Жамбыл аудандық, Жамбыл облыстық «Стройбанк» кеңсесінің заң кеңесшісі болып бастаған.
1982—86 жж. — Жамбыл (Тараз) қалалық атқару комитетінің заң кеңесшісі.
1986—92 жж. — Алматы қалалық аткомының тұрғын алаңды есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы бөлім меңгерушісі.
1992—94 жж. — Алматы қалалық әкімі аппаратының заң бөлімінің бастығы, меңгерушісі болып істеген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылуының депутаты болып сайланған.
1995 ж. наурызынан — Орталық сайлау комиссиясын хатшысы.
1996 ж. қаңтарынан — Орталық сайлау комиссиясы төрайымы болып басқарды.
2005 ж. сәуірден бері Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
[өңдеу] Үйлік жағдайы
Жанұясы: жұбайы — Балиев Мұхтар Абзалұлы, ұлдары — Данияр, Ернар, Алияр, Нұрсұлтан, қыздары — Наргиза, Альдара.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері (ағымдағы) | ![]() |
---|---|
Д. Ахметов • С. Ахметов • Балиева • Дерновой • Досмұханбетов • Ертісбаев • Есімов • Коржова • Қарағұсова • Мәсімов • Мусин • Мұхаметжанов • Оразбақов • Тәжин • Түймебаев • Храпунов • Ысқақов • Ізмұхамбетов |