Ізмұхамбетов, Бақтықожа Салахиденұлы
Уикипедиядан
Ізмұхамбетов, Бақтықожа Салахиденұлы | |
---|---|
Туғаны: | 1948 |
Мансабы: | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрi |
Ізмұхамбетов, Бақтықожа Салахиденұлы — Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрi.
[өңдеу] Қысқаша өмірбаяны
1948 ж. туған.
Өфө мұнай институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын «Ембімұнай» бірлестігінде бұрғылаушы болып бастады. Қазақ мұнай геологиялық-барлау ғылыми-зерттеу институтында әр түрлі қызметтер атқарды.
1983 ж. 1987 ж. дейін Йеменде іссапарда болды.
1987 ж. — Гурьев тәжірибе-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы болды.
1991—1993 жж. Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінде бөлім, басқарма бастығы болып жұмыс істеді. «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнының, «Қазмұнайтеңіз» теңіз мұнай компаниясының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай компаниясының атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
2006 жылғы қаңтардан бері Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері (ағымдағы) | ![]() |
---|---|
Д. Ахметов • С. Ахметов • Балиева • Дерновой • Досмұханбетов • Ертісбаев • Есімов • Коржова • Қарағұсова • Мәсімов • Мусин • Мұхаметжанов • Оразбақов • Тәжин • Түймебаев • Храпунов • Ысқақов • Ізмұхамбетов |