Дерновой, Анатолий Григорьевич
Уикипедиядан
Дерновой, Анатолий Григорьевич | |
---|---|
Туғаны: | 1951 ж. тамыздың 21-інде Қарағанды |
Мансабы: | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi |
Дерновой, Анатолий Григорьевич — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi.
[өңдеу] Қысқаша өмірбаяны
1951 ж. тамыздың 21-інде Қарағанды қаласында туған.
1974 ж. Қарағанды медицина институтын бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Талдықорған облысы Киров ауданының санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бөлім меңгерушісі болып бастады, кейін осы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып жұмыс істеді.
1991—1994 жж. — Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
1994—1996 жж. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары — бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
1996 ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының бастығы.
2006 ж. қыркүйектің 20-ыдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi.
[өңдеу] Марапаттары
- «Ерекше еңбегі үшін» медалімен 1987 жылы,
- «Астана» медалімен 2000 жылы,
- «Қазақстан Республикасына сіңірген ерен еңбегі үшін» медалімен 2001 жылы,
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтолық медалімен 2005 жылы марапатталды,
- ҚР Ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың 2005 жылғы лауреаты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері (ағымдағы) | ![]() |
---|---|
Д. Ахметов • С. Ахметов • Балиева • Дерновой • Досмұханбетов • Ертісбаев • Есімов • Коржова • Қарағұсова • Мәсімов • Мусин • Мұхаметжанов • Оразбақов • Тәжин • Түймебаев • Храпунов • Ысқақов • Ізмұхамбетов |