Тәжин, Марат Мұханбетқазыұлы
Уикипедиядан
Тәжин, Марат Мұхамбетқазыұлы — Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрі.
[өңдеу] Қысқаша өмірбаяны
1960 жылы сәуірдің 8-інде Ақтөбе қаласында туған.
Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.
1992 ж. дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.
1992 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.
1994—95 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі.
1995—99 жж. — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.
1999—01 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2000 ж. — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.
2001 ж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.
2002 ж. — Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2002 ж. тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары.
2006 ж. сәуір айынан бастап — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2007 ж. қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
[өңдеу] Марапаттары
«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері (ағымдағы) | ![]() |
---|---|
Д. Ахметов • С. Ахметов • Балиева • Дерновой • Досмұханбетов • Ертісбаев • Есімов • Коржова • Қарағұсова • Мәсімов • Мусин • Мұхаметжанов • Оразбақов • Тәжин • Түймебаев • Храпунов • Ысқақов • Ізмұхамбетов |