Анықтауыш
Уикипедиядан
Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз.
Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.
[өңдеу] Анықтауыш болатын сөз таптары
Анықтауыш болатын сөз таптары:
- Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:
- Мысалы: Ақ сары ат дом болып ішін тартқан
- Зат есімнен болады:
- Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірі естіледі.
- Сан есімнен болады:
- Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр
- Есімдіктен болады:
- Мысалы: Оспан мынау қимылға тіпті сүйсініп кетті
- Етістіктің есімше түрінен болады:
- Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады
- Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады:
- Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.
[өңдеу] Әдебиет
- С. Аманжолов, "Қазақ тілі грамматикасы", 1966 ж.