Уикипедиядан
Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.
Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.
[өңдеу] Жалғану жүйесі мен формалары
Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт үлгі бойынша жіктеледі:
[өңдеу] Бірінші топ
Бірінші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады;
- Үлгілер:
а) тұр, жүр.
|
Жекеше |
Көпше |
1-жақ |
тұр-мын, жүр-мін |
тұр-мыз, жүр-міз |
2-жақ |
тұр-сың, жүр-сің |
тұр-сыңдар, жүр-сіңдер |
|
тұр-сыз, жүр-сіз |
тұр-сыздар, жүр-сіздер |
3-жақ |
жұр, жүр |
тұр, жүр |
|
Ескерту: |
2-жақтың сыпайы түрінің жекешесінде де, көпшесінде де ауызекі (сөйлеу) тілде -сыз, -сыздар дегеннің орнына -сыңыз, -сыңыздар деп те айтылады.
Оның, бер жағында, бұл формалар тек осы топқа ғана емес, өзге топтарға да тән. |
|
ә) Есімшелер: барған, келген; баратын, келетін; барар, келер;
бармақ(шы), келмек(ші).
|
Жекеше |
Көпше |
1-жақ |
барған-мын, келген-мін |
барған-мыз, келген-біз |
2-жақ |
барған-сың, келген-сің |
барған-сыңдар, келген-сіңдер |
|
барған-сыз, келген-сіз |
барған-сыздар, келген-сіздер |
3-жақ |
барған, келген |
барған, келген |
|
б) Зат есімдер:оқушы, мұғалім т. б.
|
Жекеше |
Көпше |
1-жақ |
оқушы-мын, мұғалім-мін |
оқушы(лар)-мыз, мұғалім(дер)-біз |
2-жақ |
оқушы-сың, мұғалім-сің |
оқушы(лар)-сыңдар, мұғалім(дер)-сіңдер |
|
оқушы-сыз, мұғалім-сіз |
оқушы(лар)-сыздар, мұғалім(дер)-сіздер |
3-жақ |
оқушы, мұғалім |
оқушы(лар), мұғалім(дер) |
|
в) Сын есімдер: аласа, үлкен т. б.
|
Жекеше |
Көпше |
1-жақ |
аласа-мын, үлкен-мін |
аласа-мыз, үлкен-біз |
2-жақ |
аласа-сың, үлкен-сің |
аласа-сыңдар, үлкен-сіңдер |
|
аласа-сыз, үлкен-сіз |
аласа-сыздар, үлкен-сіздер |
3-жақ |
аласа, үлкен |
аласа, үлкен |
|
г) Сан есімдер: оныншы, үшінші т. б.
|
Жекеше |
Көпше |
1-жақ |
оныншы-мын, үшінші-мін |
оныншы-мыз, үшінші-міз |
2-жақ |
оныншы-сың, үшінші-сің |
оныншы-сыңдар, үшінші-сіңдер |
|
оныншы-сыз, үшінші-сіз |
оныншы-сыздар, үшінші-сіздер |
3-жақ |
оныншы, үшінші |
оныншы, үшінші |
|
ғ) Есімдіктер: қалай, кім т. б.
|
Жекеше |
Көпше |
1-жақ |
қалай-мын, кім-мін |
қалай-мыз, кім-біз |
2-жақ |
қалай-сың, кім-сің |
қалай-сыңдар, кім(дер)-сіңдер |
|
қалай-сыз, кім-сіз |
қалай-сыздар, кім(дер)-сіздер |
3-жақ |
қалай, кім |
қалай, кім(дер) |
|
д) Үстеу: бірге
|
Жекеше |
Көпше |
1-жақ |
бірге-мін |
бірге-міз |
2-жақ |
бірге-сің |
бірге-сіңдер |
|
бірге-сіз |
бірге-сіздер |
3-жақ |
бірге |
бірге |
|
[өңдеу] Екінші топ
Екінші топқа -а, -е, -й (бара, келе, сөйлей) формалы және -п, -ып, -іп (қарап, айтып, келіп) формалары көсемшелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі.
[өңдеу] Үшінші топ
Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді), мен шартты рай формасы (барса, келсе) жатады; бұлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.
[өңдеу] Төртінші топ
Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі.
- А. Ысқақов, "Қазіргі қазақ тілі", 1974 ж.