Аманжолов, Садық
Қазақша Уикипедияның мағлұматы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа қалыптарына лайықты болу үшін аршу қажет. Осы мақаланы асылдандыру үшін мүмкіндігіңіз болса көмек беріңіз. |
Бұл мақаланы не бөлімді Уикипедия сапа қалыптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. Осы мақаланы асылдандыру үшін лайықты ішкі сілтемелерді еңгізіп көмек беріңіз. |
Аманжолов Садық — Жетісудағы Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер.
1889 жылы 28 тамызда Жетісу облысы, Верный уезі, Бақай болысында (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы) ауқатты отбасында туған.
1898-1907 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, 1912 жылы Қазан университетінің заң факультетін бітіреді.
Сол жылғы күз айынан бастап Верный округтық сотында кіші кандидаттық, келесі жылы аға кандидаттыққа көтеріліп, Сарқантқа уақытша бітімші сот қызметіне ауыстырылып, онан кейін Лепсіде істеп, 1914 жылы наурыз айынан бастап Сергиопольде (Аягөздің маңы) бітімші сот болып 1918 жылдың мамыр айына дейін істейді.
Ақпан төңкерісінен соң елдегі әлеуметтік жұмыстарға араласып, Жетісудағы Алаш қозғалысының белді қайраткерлерінің бірі болады. Жер-жерде қазақ сиездері ашылып, қазақ комитеттері құрылып жатқанда, ол Үржар қазақ комитетінің төрағасы, ал 1917 жылғы шілде айында өткен жалпықазақтық сиезде бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Жетісу облысынан ұсынылады да, желтоқсандағы сиезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне Жетісу облысынан өтеді.
1918 жылғы тамыз айында Лепсі қаласында өткен Алашорданың Жетісу облыстық 2-қазақ сиезінде оның облыстық кеңесіне мүше болып сайланады.
Азамат соғысы жылдары Жетісуда, Шәуешек қаласында Алаш әскери жасақтарын құруға белсене араласады. Жетісу жерін большевиктер басып алғаннан кейін, 1918 жылдың шілде-тамыз айынан бастап Алашорданың Жетісу бөлімінің барша мүшелері Шәуешекке келе бастаған болатын.
Қызылдармен болған ұрыста ол ауыр жарақат алады. Базарбай Мәметовпен (ол да Алашорда үкіметінің мүшесі) бірге Жетісудағы ашыққан, күйзелген қазақтарға арнап, көмек комитеттерін ұйымдастырады.
1918 жылы Шәуешекке Алашорданың Жетісу бөлімінің мүшелерімен бірге өткен ол онда 1922 жылдың күз айларына шейін болып, онда да қуғын-сүргінді көп көріп, қайтадан еліне қайтады.
1923 жылы наурыз айынан бастап Жетісу облыстық атқару комитетінде қызмет атқарып, 1924 жылдан Жетісу облыстық сотының мүшесі болады. 1930 жылдарға шейін Заң халық комиссариатында әртүрлі қызметтер атқарады.
1930 жылы Қазақстаннан кетіп Мәскеу, Бішкек, Ташкент қалаларында жұмыс істейді.
1941 жылы Ташкентте қайтыс болады.
|
|
---|---|
Мүшелер: Жақып Ақбаев • Садық Аманжолов • Отыншы Әлжанов • Әлихан Бөкейханов • Ахмет Бірімжанов • Халел Ғаббасов • Жанша Досмұхамедов • Халел Досмұхамедов • Әлімхан Ермеков • Бақтыкерей Құлманов • Базарбай Мәметов • Уәлитхан Танашев • Айдархан Тұрлыбаев • Мұхаметжан Тынышбаев • Мұстафа Шоқаев Мүшелікке кандидаттар: Өмір Алмасов • Молданияз Бекімов • Мұқыш Боштаев • Нүсіпбек Жақыпбаев • Сейілбек Жанайдаров • Ережеп Итбаев • Аспандияр Кенжин • Сейдәзім Қадырбаев • Есенғали Қасаболатов • Иса Қашқынбаев • Батырқайыр Ниязов • Сәлімгерей Нұралыханов • Сатылған Сабатаев • Белек Солтоноев • Есен Тұрмағамбетов Алаш Орданың оқу комиссиясының мүшелері: Ахмет Байтұрсынов • Мағжан Жұмабаев • Биахмет Сәрсенов • Елдес Омаров • Телжан Шонанов |