Web Analytics

https://www.amazon.it/dp/B0CT9YL557

We support WINRAR [What is this] - [Download .exe file(s) for Windows]

CLASSICISTRANIERI HOME PAGE - YOUTUBE CHANNEL
SITEMAP
Audiobooks by Valerio Di Stefano: Single Download - Complete Download [TAR] [WIM] [ZIP] [RAR] - Alphabetical Download  [TAR] [WIM] [ZIP] [RAR] - Download Instructions

Make a donation: IBAN: IT36M0708677020000000008016 - BIC/SWIFT:  ICRAITRRU60 - VALERIO DI STEFANO or
Privacy Policy Cookie Policy Terms and Conditions
Ғаббасов, Халел — Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия

Ғаббасов, Халел

Қазақша Уикипедияның мағлұматы

Халел Ғаббасов - Алашорда үкіметінің Семей облысынан сайлан­ған мүшесі, Үкімет төрағасының орын­­басары, Алаш қозғалысының көр­некті жетекшілерінің бірі, пуб­лицист, Алаш үні «Сарыарқа» га­зе­тінің кезектескен редакторы, ма­ман­дығы – физик-математик.

1888 жылдың 1 қазанында Семей қала­сында, қала жатағының отбасын­д­а туған.

15.08.1901 – 2.06.1909 жылдары Се­мей ерлер гимназиясында оқып, оның толық 8 класын бітірген.

1910-1915 жылдары ИМН Мәскеу университетінің физика-математика факультетінде білім алып, 1915 жылғы 27 мамырдағы сынау комиссиясының қорытындысы бойынша 2-дәрежелі дип­ломға ие болып, №11142 диплом­ды 1916 жылғы 30 наурызда алады.

ЖОО бітірген соң Семейде уақ-қа­рыз серіктігінде инспектор болып қыз­мет атқарады. Патша өкіметі құлаған соң ол ел­дегі саяси өмірге, Алаш қозғалысына бел­сене араласады. Уақытша үкімет тарапынан ол Түр­кістан комитетінің мүшелігіне таға­йын­далады. Алайда ол коми­тет­тің мүшесі ретінде нақты жұмыс ат­қарылмайды.

Ал Семей облыстық қазақ коми­те­ті төрағасының орынбасары, об­лыс­тық земство басқармасының мүше­сі, облыстық Делегаттар жина­лы­сының мүшелігіне сайланып бұл ба­ғытта көп жұмыстар атқарады. Әр түр­лі әлеуметтік саяси жұмыстарды ұйым­дастыру-үйлестіру бағытында шы­ғып тұрады (мысалы, 1917 жылы Зай­сан уезіне барды).

«Қазақ» газетінен кейін Алаш үні бол­ған «Сарыарқа» газетінің кезек­ші­сінен редакторларының бірі бола­ды. Онда ол ел-жұртты толғандырып, маза­лап жүрген әлеуметтік-саяси жағ­дайды түсіндіріп, талдаған және большевиктердің озбырлық саясатын әшкерелеген өткір мақалалар жария­лап тұрады.

1917 жылғы шілдеде өткен Жал­пы­қазақтық сиезге Бүкілресейлік құрыл­тай жиналысының депутат­ты­ғына ұсынылады.

Халел Ғаббасовтың қазақ елдігі үшін еткен еңбегінің ең көрнектісі – оның 1917 жылғы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық сиезге арнайы құрыл­ған комиссия атынан Қазақ автономиясы, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама дайындап жа­сағаны. Осы баяндаманың негізінде сиез «... жері бірыңғай, іргелі халқы қа­зақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға» деген тарихи қарар қабылдайды. Сиезге Халел Алашорда үкіметінің мүшелігіне Семей облысынан сайланып, кейін төраға Ә.Бөкейхановтың орынбасары міндетін атқарып, Алашорда атынан шығарылған заң-қаулыларға қол қойып отырады.

Сиезге милиция жасақтау туралы баян­дама жасалып, кейін сол қаулы­ның негізінде 1918 жылы Семейде Алаш атты әскер жүздіктерін жасақ­тауға белсене араласады. Сол алмағайып заманда қазақ елді­гін қалай аман сақтау жолында еңбек еткен басқа да алаш арыста­ры­мен бірге Халел 1918 жылдың қазан айын­да Том қаласында өткен жалпы Сібір сиезіне қатысады. Сиезге Сібір авто­номиясы мәселесі қаралған бола­тын. Ондағы мақсатты Ә.Бөкейханов жақсы түсіндіреді. «Біз ойладық, әуелі Сі­бірге сүйеніп, тасымалдап, жалға­сып көшіп кетелік, жіп жалғап, зор мемлекет күрмеуінен құтылып ап, отау болып, соңынан бөлінелік деп».

Халелдің енді атқарған үлкен бір ісі – төраға Ә.Бөкейхановтың тапсыр­ма­сымен 1918 жылдың 20 наурызында автономия жөнінде И.В.Сталинмен телеграф арқылы келіссөз жүргізеді. 1918 жылы сәуір айында Ә.Бө­кей­ханов, Ә.Ермековтермен бірге Алаш автономиясын алу жөнінде телеграф арқылы В.И.Сталинмен тағы да сөй­лес­кен. 1918 жылғы 21 сәуірде РСФСР Халық комиссарлары кеңесі мен Ұлт істері жөніндегі комис­сария­ты­на жолдаған жеделхатында Ала­ш­орда автономиясын дереу мойындау тура­лы талап қояды. Бірақ жауап болмады. Кеңес тұсында саяси-қоғамдық істерден шет қалмаған. Семей облыс­тық кеңесі төрағасының орынбасары, Семей облыстық земство жанындағы Жер комитетінің төрағасы, Қазақ революциялық комитетінің мүшесі (VІІІ.1920) және оның Сейревлом жа­нын­дағы уақытша өкілі болады.

Ақмола және Семей облыстарын Қа­зақстан қарамағына алу жөніндегі Қаз ОАК-нің төтенше комиссия­сы­ның мүшесі (1921-1923), Семейдегі педте­хникум оқытушысы, қазақ АССР-ның Мемлекеттік жоспарлау коми­тетінде және басқа да орындарда қызмет атқарды.

1930 жылы қуғын-сүргінге ұшы­рап, 1931 жылы Мәскеу түрмесінде аты­лып кете барады.

Static Wikipedia 2008 (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - en - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -

Static Wikipedia 2007 (no images)

Static Wikipedia 2006 (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -

Sub-domains

CDRoms - Magnatune - Librivox - Liber Liber - Encyclopaedia Britannica - Project Gutenberg - Wikipedia 2008 - Wikipedia 2007 - Wikipedia 2006 -

Other Domains

https://www.classicistranieri.it - https://www.ebooksgratis.com - https://www.gutenbergaustralia.com - https://www.englishwikipedia.com - https://www.wikipediazim.com - https://www.wikisourcezim.com - https://www.projectgutenberg.net - https://www.projectgutenberg.es - https://www.radioascolto.com - https://www.debitoformtivo.it - https://www.wikipediaforschools.org - https://www.projectgutenbergzim.com