Девон
Уикипедиядан
Девон — палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің төртіншісі және үстіңгі палеозой субзаманының алғашқысы. 416 млн жыл бұрын басталып, 359,2 млн жыл бұрын аяқталған.
Еуропада теңіздік пен құрылықтық фацияларының екеуі де бар. Құрылықтық фациясы кәрі қызыл құмдақ деген атымен белгілі.
Девон деген жерде орналасқан тау жаныс аймағының есімімен аталғанына қарамастан, теңіздік девон стратиграфиялық жағынан Белгияның Арден деген жеріндегі қазбалы сүйекке бай шөгінділер негізінде айқындалған қабаттарға бөлінеді.
Ол қабаттар:
- астыңғы девондағы
- лохков (416-411,2 млн жыл),
- прага (411,2-407 млн жыл) және
- эмс (407-397,5 млн жыл),
- ортаңғы девондағы
- эйфел (397,5-391,8 млн жыл) мен
- живет (391,8-385,3 млн жыл) және
- үстінгі девондағы
- фран (385,3-374,5 млн жыл) мен
- фамен.
Теңіздік шөгінділердің бөлімшелеуі литологияға және гониатит пен спириферид брахиоподтары бар мол омыртқасыз фаунаға негізделеді. Құрылықтық кәрі қызыл құмдақ шөгінділеріне примитивті псилофит тобына жататын жақсыз балық фаунасы мен өсімдіктер кіреді. Кеш силур уақытындағы каледон орогенезі нәтижесінде Британ аралдарының талай жерін қызыл қабат фацияралы басқан.
Палеозой заманы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Кембрий | Ордовик | Силур | Девон | Карбон | Перм |
Девон кезеңі | ||
---|---|---|
Астыңғы/Ерте девон | Ортаңғы девон | Үстіңгі/Соңғы девон |
Лохков | Прага Емс |
Ейфел | Живе | Фран | Фаменн |