Ұлы Қорған
Уикипедиядан
![]() |
||
State Party | ![]() |
|
Type | Мәдениеттік | |
Criteria | i, ii, iii, iv, vi | |
Identification | #438 | |
Region2 | Asia-Pacific | |
Inscription History | ||
Formal Inscription: | 1987 11-ші WH Committee Session |
|
WH link: | http://whc.unesco.org/en/list/438 | |
1 Name as officially inscribed on the WH List |
«Ұлы Қорған» (дәст. қытайша: 長城; жеңіл. қытайша: 长城; пинйін: Chángchéng; «ұзын қала қорғаны») немесе (дәст. қытайша: 萬里長城; жеңіл. қытайша: 万里长城; пинйін: Wànlǐ Chángchéng; дәлме-дәлді «10 000 ли ұзынды қорған (里)¹») — Қытайдың Миң әулеті (1368—1644) тұсында салынған құрылыс.
«Ұлы Қорғанның» шығысы Ляудұңның Жолбарыс тауынан басталып, батысы Гансудағы Жяйүйгуанға дейін барады, жалпы ұзындығы 6700 km артық. 7 ғ. бзб дәуірден бастап 17 ғ. дейінгі 1000 жылда, жиыны 10 патшалық әулеті құрылыс салып, осы қорғанды жасаған.
Бейжің, Хыбый, Шанши, Гансу сияқты жерлердегі қорғанның орташа биіктігі 7-8 m, қорған үстінің кеңдігі 4-5 m. Қорған үстінде бақылау және атқылау қарауылы бар. Қорғанды бойлай, белгілі аралыққа белгі отын жағатын тұғыр орнатылған. Жау нышаны байқала қалса, күндіз түтін салып, түнде от жағып бір-біріне әскери белгі беретін болған. Осыған негізделіп «Ұлы Қорғанның» жәй қорған емес, өткел аузы, әскерлер тұрағы, от жағатын тұғыр түгел қамтылған әскери қорғаныс жүйесі екендігін білеміз.
Қорғанды салғанда, көбінесе, кірпіш жинап, тас қалаған, шыңдап дуал түйген.
[өңдеу] Чу
Ең ертедегісі 656 бзб ж. немесе одан көп бұрын салынған. Бұл Қытай тарихында Чұн-чиу дәуіріне тура келеді. Қытайдың орта және терістік бөлігінде көптеген ұсақ мемлекеттер болған, соның ішіндегі Чу елі жаудан қорғану үшін осы қорғанды салған. Әне содан бастап әр қайсы мемлекет қорған салып, қорғаныс орнатқан. Жасаған қорғандарының бірнеше жүз km ұзындығынан 1,2 мың km дейін жеткен.
[өңдеу] Чин
221 бзб ж. Чин әулеті патшасы — Чин Шыхуаң Қытайды бірлікке келтіреді. Солтүстіктегі көшпенді ғұндароңтүстікке жасаған шапқыншылығын бөгеу үшін, патша солтүстікте салынған ішінара қорғандарды бір-біріне тұтастыру бұйрығын түсіреді. Ол тұстағы қорғанның жалпы ұзындығы 5000 km жеткен әрі сол тұстан бастап «Ұлы Қорған» деп атала бастаған.
[өңдеу] Хан
Хан патшалығы (206 бзб-220) тұсында, қытайлар мен ғұндар арасында үнемі соғыс болып тұрады да, Хан патшалығы «Ұлы Қорғанды» батысқа қарай соза түсіп, жалпы ұзындығын мөлшермен 10 мың km жеткізеді. Бұл хандықтар тарихындағы ең ұзын қорған есептелінеді. Хан патшалығының бұлай істеуі, жаңа ашылған «Жібек Жолын» қорғау үшін де еді.
1987 ж. «Ұлы Қорған» мәдениеттік дүние мұрағатына кіргізілді.