Web Analytics


https://www.amazon.it/dp/B0CT9YL557

We support WINRAR [What is this] - [Download .exe file(s) for Windows]

CLASSICISTRANIERI HOME PAGE - YOUTUBE CHANNEL
SITEMAP
Audiobooks by Valerio Di Stefano: Single Download - Complete Download [TAR] [WIM] [ZIP] [RAR] - Alphabetical Download  [TAR] [WIM] [ZIP] [RAR] - Download Instructions

Make a donation: IBAN: IT36M0708677020000000008016 - BIC/SWIFT:  ICRAITRRU60 - VALERIO DI STEFANO or
Privacy Policy Cookie Policy Terms and Conditions
Норвегия — Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия

Норвегия

Қазақша Уикипедияның мағлұматы

Kongeriket Norge
Норвегия корольдігі
Норвегия байрағы Норвегия елтаңбасы
Ұраны: Alt for Norge
Әнұраны: Ja, vi elsker dette landet
Норвегия орналасуы
Елордасы Осло
59°56′N, 10°41′E
Ең ірі қаласы Осло (541.822)
Ресми тілдері Норвегше (Букмол, Нүношк)
Өкімет түрі Конституциялық монархия
 —  Король Харалд V (Harald V)
 —  Премьер-министр Йенс Столтенберг (Jens Stoltenberg)
Тәуелсіздігі
 —  Тәуелсіздік 1814 мамырдың 17 
 —  Су (%) 6,0
Жұрты
 —  2006 шілденің 1  сарап. 4.667.410 (114-ші)
 —  2001 жұрт санағы 4.520.947 
ЖІӨ (АҚТ) 2005 сарап.
 —  Бүкіл 195,13 млрд (42-ші)
 —  Тұлға басына $42.364 (2-ші)
АДИ (2003) 0,963 (жоғары) (1-ші)
Ұлттық пұлы Krone (NOK)
Уақыт белдеу(лер)і CET (UTC+1)
 —  Summer (ЖУ) CEST (UTC+2)
Интернет үйшігі .no
Телефон белгілемесі +47
Радио белгілемесі NO

Норвегия (Норвегия корольдігі) — Eуропада орналасқан ел.

Мазмұны

[өңдеу] Атауы

[өңдеу] Жағырапиясы

Солтүстiк Еуропаның Скандинавия түбегiнде батыс жағалауды барынша иемденiп жатқан iрi елдердiң бiрi — Норвегия болып табылады. Атлант мұхитынан соғатын суық желдiң әсерi бар, батыстағы таулы қыраттың қытымыр аязы үстемдiк құратын өлке қатарынан үш елмен қоңсылас орналасқан: Ресеймен — 196, Финляндиямен — 727 km, ал Швециямен — 1619 km шекарасы шектесiп жатыр.

Корольдiктiң жер аумағы — 386 960 km2 құрайды. Бұл жағынан келгенде Норвегия Скандинавия елдерi iшiнде екiншi орында.

Норвегияның жер қыртыстарын сөз етсек, солтүстiктен басталған аласа таулар легi оңтүстiкке қарай биiктеп, таулы өлкеге айналып сала бередi. Мемлекеттiң ең биiк нүктелерi — Галлхейпиген (2469 m) мен Глиттертинн (2452 m) шыңдары боп есептеледi.

Норвегияның ең iрi өзендерi шығыста орналасса, батысында қысқа, бiрақ ағысты өзендерi ағады. Елдiң оңтүстiк өлкесi келбеттi көлдерге бай. Дегенмен жасылмен жан бағатын елдермен салыстырғанда, Норвегияның өнiм беретiн өсiмдiктерi жоқтың қасы. Шыңын мұз басқан таулы, қыратты аймақтың бар болғаны 4 пайызы ғана егiстiкке қолайлы болып келедi. Сол секiлдi жануарлар әлемi де корольдiкте аса мәз емес.

[өңдеу] Әкімшілік бөлінісуі

Норвегия жерi 19 облысқа бөлiнген (жергiлiктi тiлде облысты фүлке атайды). Әр облыс қалалар мен ауылдық округтерден (коммуна) құралады. Оның әрбiрi төрт жылда бiр сайланатын кеңеске ие.

[өңдеу] Жұрты

Халық саны жер аумағына қарай шаққанда аз және қоныстануы да әркелкi. Айталық соңғы жасалған халық санағы бойынша елде 4 миллион 574 мың халық тұрады. Ал осы аз халықтың үштен бiрi — бiр Осло-Фьорд аймағына ғана шоғырланған. Ал өзге iрi қалалардағы халықтың қоныстануы төмендегiдей: Берген (224 мың), Тронхейм (145 мың), Ставангер (106 мың), Берум (98 мың). Ал елдiң қалған бөлiгi халық өте сирек қоныстанған аймақ болып саналады.

Елдегi бала туу — 11,89 % құраса, адам өлiмi — 9,51 %. Елдегi балалар өлiмi ең төменгi деңгейде. Және статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, әрбiр төртiншi норвег ауылдық жердi мекен етедi екен.

Норвегияның негiзгi халқы — германиялық бiртектi ұлт. Ал елдiң солтүстiгiнде жалпы саны 20 мыңға жуық саам халқы мекен етедi. Елде норвег тiлiнiң екi түрi кездеседi — букмол және нүношк.

[өңдеу] Тарихы

Тәуелсiздiкке 1905 ж. ғана қол жеткiзсе, бұған дейiнгi 1397—1814 жылдары Дания қарауына енiп, кейiнгi 1814—1905 жылдары Швецияның отары болған.

[өңдеу] Саясат жайғасы

Норвегия — демократиялы конституциялық монархия болып табылатын мемлекет. 1991 жылдың 17 қаңтарынан берi мемлекет королi — Харалд V.

1814 жылы қабылданып, көптеген рет өзгерiстер мен толықтыруларды бастан кешiрген ел конституциясына сай, корольдiң уысына елдiң үш билiгi бiрдей берiлген.

Министрлер кабинетi Премьер-министр мен 16 министрден құралады. Үкiметбасыға елдiң атқарушы билiгi табысталған.

Стортинг аталатын ел парламентiне 169 депутат мүше бола алады.

Корольдiкте көппартиялық жүйе мықтап қалыптасқан. Норвегияның белдi партиялары қатарына — «Норвегия жұмысшылар партиясы», «Социалистiк солшылдар партиясы» және «Орталық партия» жатады.

[өңдеу] Экономикасы

Норвегияның экономикасы жөнiнде алып-қашпа әңгiмелер көп. Бұған себеп — үлкен мұнай қорына иелiк ете тұра, корольдiктiң сыртқы саяси ойында аса белсендiлiк танытпауында жатыр. Дегенмен, қазiргi таңда IЖӨ индексi бойынша Норвегия әлемнiң ең бай мемлекеттерiнiң қатарында. 1970 жж. басталған Солтүстiк теңiз кенiшiндегi мұнай мен газ өндiрiсi елдi Батыс Еуропа нарығындағы ең iрi мұнай шығарушы мемлекет қатарына шығарып, әлемдiк саудаға мұнай шығарудан 2-шi (Сауд Арабстаннан кейiнгi) орынға көтерiп тастады. 2005 ж. IЖӨ 194,7 млрд. АҚШ долларын немесе жан басына шаққанда 42,4 мың АҚШ долларын құрап, Норвегияны үздiктер тiзбегiндегi 17 орынға шығарса, 2006 жылы корольдiк тағы да бес сатыға жоғарылап, 12-ші орынға көтерiлдi.

Ел экономикасындағы негiзгi сала — мұнай мен газ өндiрiсi. Алайда елдегi энергия көзi осы мұнайдан алынып отыр деу — жаңсақ. Өйткенi Норвегия мұнайы түгелiмен экспортқа шығарылады. Ал энергияны олар су көзiнен алады. Алдағы уақытта оған «этанол» аталатын химиялық қосалқы энергия көзiн қосу — жоспарда. Бұл дегенiңiз — қалдықтарды қайта өңдеу арқылы оны бензинге араластырып, таза экологиялық энергия шығару деген сөз. Норвегия үкiметi химия технологиясына қатты мән береді.

Дегенмен бұл жерасты байлығын иемденем дегенге дейiн Норвегия экономикалық тұрғыда үлкен қиындықтарды бастан кешiргенi белгiлi. Өйткенi 19 ғ. мен 20 ғ. орта шенiне дейiн елдiң негiзгi экономикалық саласы — ауыл, орман және балық шаруашылығы болғаны белгiлi.

Корольдiк ежелден теңiзшiлер елi саналады. Соған орай халықтың үлкен бөлiгi жағалауға қарай қоныстанған. Ертеректе, дәлiрек айтқанда бiздiң дәуiрдiң 1000 жж. викингтер аталатын тәжiрибелi қарақшы-теңiзшiлер тобы Атлант мұхитын кесiп өтiп, Жаңа әлемнiң есiгiнен енген. Бұл ерте дәуiрден-ақ Норвегия жерiнде теңiз шаруашылығының кең өрiс алғанынан хабар берсе керек. Бұған елде сақталып қалған зәулiм сауда флоты мен жоғары дамыған балық шаруашылығы да дәлел бола алады. Айта кетерлiгi аталмыш флот тасымалға шығаратын тауар көлемi жағынан 1997 ж. 6-шы орынды иеленген.

Балық шаруашылығы елде ертеден-ақ жақсы дамыған. 1975 жылы аталмыш шаруашылықты дамыту жөнiнен Норвегия дүниежүзi бойынша 5-орынды иеленсе, 1995 жылы 10-орынға тұрақтаған. Корольдiкте балық шаруашылығы саласының ең негiзгiсi — майшабақ. Бұл жағынан 1996 жылғы есеп бойынша Норвегия ең негiзгi бәсекелесi — Ұлыбританиядан үш есе көп, 330 мың тонна балық аулап, экспортқа шығарған.

Орман шаруашылығында да айтарлықтай жетiстiктер бар. Өйткенi Норвегия жерi географиялық жағынан орман шаруашылығына қолайлы. Ел территориясының төрттен бiр бөлiгi орманды алқап. Алайда ағаш өсiмiнiң өте баяу екенiн ескеретiн болсақ, бұл саланың ел экономикасының екпiндi тiрегiне айналмағанына көз жеткiзу қиынға соқпайды.

Ауыл шаруашылығы Норвегия халқы үшiн тиiмсiз сала. Егiн егуге корольдiктiң таулы, қыратты, құнарсыз топырақты географиясы мен жазы салқын, аса мол жауын-шашынды ауа райы да қолайсыз. 1996 жылы ауыл және орман шаруашылығында еңбекке жарамды халықтың бар болғаны 5,2 пайызы ғана қызмет еткен. Ал ауыл шаруашылығына бөлiнген жердiң 3 пайызы ғана өңделiп, пайдаланылған. Мұнай өндiрiсi ашылғанға дейiн ел экономикасының негiзгi салаларының бiрi болғанымен, бүгiнде Норвегияда ауыл шаруашылығына аса көңiл бөлiнбейдi.

Норвегияның өңдеу өнеркәсiбiнде алға қойылған салалар — электрометаллургия, радиоэлектроника мен кеме жасау және жөндеу өнеркәсiптерi. Бұл салаларға жалпы еңбекке жарамды халықтың 25 пайызы тартылған. Норвегия сыртқы саудада Германия, Швеция, Ұлыбритания, Дания, Нидерланды және АҚШ мемлекеттерiмен тығыз байланыс орнатқан. Экспортқа шығаратын негiзгi өнiмдерi — мұнай мен газ (55 пайыз) және дайын өнiмдер (36 пайыз). Сондай-ақ, импорттайтын тауарлары — дайын өнiмдер (81,6 пайыз) және ауыл шаруашылығы өнiмдерi (9,1 пайыз).

[өңдеу] Мәдениет және қоғам

[өңдеу] Әлеуметтік саласы

[өңдеу] Қарулы күштері

Елдiң қорғаныс саласында жаяу әскер, әскери-теңiз және әскери-әуе флоттары бар. Ел заңы бойынша, 19 және 45 жас аралығындағы азаматтар мiндеттi түрде 6 айдан 1 жылға дейiнгi уақыт аралығында әскери қызметте болуы шарт. Запастағы әскер саны — 230 мың. Ал Норвегияның қорғаныс саласына жұмсаған соңғы жылдағы қаржысы IЖӨ-нiң 1,9 % құраған.

[өңдеу] Түсініктемелер

[өңдеу] Тағы қараңыз

[өңдеу] Сыртқы сілтемелер




Басқа тілдерде
Static Wikipedia 2008 (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - en - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -

Static Wikipedia 2007 (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - en - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -

Static Wikipedia 2006 (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -

Sub-domains

CDRoms - Magnatune - Librivox - Liber Liber - Encyclopaedia Britannica - Project Gutenberg - Wikipedia 2008 - Wikipedia 2007 - Wikipedia 2006 -

Other Domains

https://www.classicistranieri.it - https://www.ebooksgratis.com - https://www.gutenbergaustralia.com - https://www.englishwikipedia.com - https://www.wikipediazim.com - https://www.wikisourcezim.com - https://www.projectgutenberg.net - https://www.projectgutenberg.es - https://www.radioascolto.com - https://www.debitoformtivo.it - https://www.wikipediaforschools.org - https://www.projectgutenbergzim.com