Web Analytics


https://www.amazon.it/dp/B0CT9YL557

We support WINRAR [What is this] - [Download .exe file(s) for Windows]

CLASSICISTRANIERI HOME PAGE - YOUTUBE CHANNEL
SITEMAP
Audiobooks by Valerio Di Stefano: Single Download - Complete Download [TAR] [WIM] [ZIP] [RAR] - Alphabetical Download  [TAR] [WIM] [ZIP] [RAR] - Download Instructions

Make a donation: IBAN: IT36M0708677020000000008016 - BIC/SWIFT:  ICRAITRRU60 - VALERIO DI STEFANO or
Privacy Policy Cookie Policy Terms and Conditions
Қазақстан — Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия

Қазақстан

Қазақша Уикипедияның мағлұматы

Қазақстан Республикасы
Қазақстан байрағы Қазақстан елтаңбасы
Байрағы Елтаңбасы
Ұраны: Алаш! (тарихи)
Алға Қазақстан! (ресми емес)
Әнұраны: Менің Қазақстаным
таспа 
Қазақстан орналасуы
Елордасы  Астана
51°10′N, 71°30′E
Ең ірі қаласы Алматы (1185,9 мың)
Ресми тілдері Қазақша — мем.,
Орысша
Этникалық топтары  Қазақтар, Орыстар, Украиндар, Өзбектер, Ұйғырлар, Татарлар, Немістер
Өкімет түрі Президенттік-Парламенттік Республика
 —  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
 —  премьер-министрі Кәрім Мәсімов
Тәуелсіздігі КСРО елінен 
 —  1-ші хандық 1361 ж. Ақ Орда 
 —  2-ші хандық 1428 ж. Өзбек Ордасы 
 —  3-ші хандық 1465 ж. Қазақ хандығы 
 —  Жарияланғаны 1991 ж. желтоқсанның 16 
 —  Түгелденгені 1991 ж. желтоқсанның 25 
 —  Су (%) 1.7
Жұрты
 —  2006 ж. шілденің 1 сарап. 15 301,4 мың (62-ші)
ЖІӨ (АҚТ) 2005 сарап.
 —  Бүкіл 125.5 млрд (56-шы)
 —  Тұлға басына $8318 (70-ші)
АДИ (2004)  0,0774 (орташа) (79-шы)
Ұлттық пұлы Қазақстан теңгесі (KZT)
Уақыт белдеу(лер)і (UTC+5, +6)
Интернет үйшігі .kz
Телефон белгілемесі +7
Радио белгілемесі UN—UQ

Қазақстан (Қазақстан Республикасы) — Еуразия құрылығының қақ ортасында орналасқан мемлекет.

Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (6 467 км), оңтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2 300 км) және Қырғызстан (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1 460 км) шектеседі, батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. Жер көлемі — 2717,3 мың шаршы километр.

Жұрт саны 15301,4 мың (2006 шілде 1). Оның 9 008,0 мың немесе 58,9 % қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.

Елордасы — Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі.

Мазмұны

[өңдеу] Атауы

[өңдеу] Жағрапиясы

Толық мақаласы: Қазақстан жағрапиясы

[өңдеу] Әкімшілік бөлінісуі

Қазақстан аудандары
Қазақстан аудандары


Әкімшілік-аумақтық құрылысы: Төменгі кестеде. Ауылдық аймаққа бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003).


Қазақстан әкімшілік аумақтары
Аумақ күйі Саны
Облыс 14
Қала 85
Қала ауданы  ?
Аудан 160
Кент 176
Ауылдық аймағы 2237


Қазақстан облыстары
Облыстар Аумағы Тұрғын жұрты Орталығы Орталық
тұрғын жұрты
Ақмола Көкшетау
Ақтөбе Ақтөбе
Алматы Талдықорған
Атырау Атырау
Батыс Қазақстан Орал
Жамбыл Тараз
Қарағанды Қарағанды
Қостанай Қостанай
Қызылорда Қызылорда
Маңғыстау Ақтау
Оңтүстік Қазақстан Шымкент
Павлодар Павлодар
Солтүстік Қазақстан Петропавл
Шығыс Қазақстан Өскемен


Қазақстанның әкімшілік картасы
Қазақстанның әкімшілік картасы
Қазақстан Республикалық маңызы бар қалалары
Қала Аумағы Тұрғын жұрты
Алматы
Астана
Байқоңыр¹
¹Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресей арендасында.


[өңдеу] Жұрты

Толық мақаласы: Қазақстан жұрттануы

[өңдеу] Жұрт саны

2006 ж. жылдың шілденің 1 күнінде Қазақстанда халық саны 15 301,4 мың адамды құрады.

Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 6537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.

2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.

Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.

Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.

Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады.

Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.

Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.

Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар.

[өңдеу] Ұлттық құрамы

Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 9008,0 мың адамды, орыстар — 3962,1 мың, украиндар — 444,7 мың, өзбектер — 433,5 мың, ұйғырлар — 231,4 мың, татарлар — 229,1 мың, немістер — 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар — 58,9% және орыстар — 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады.

2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер — 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар — 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар — 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар — 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және немістер — 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды.

[өңдеу] Діні

Қазақстан жұртында 69 % мұсылмандар, 28 % православ христиандар, 2 % протестанттар бар

[өңдеу] Тарихы

Толық мақаласы: Қазақстан тарихы
Сақтар көсемінің алтын сауыты
Сақтар көсемінің алтын сауыты[1]

[өңдеу] Саясат жайғасы

Қазақстан — 1995 жылғы тамыз 30 республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс дәрежелi өкiлеттiлiк және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiм негiзiнде сайланған 98 депутаттардан құралады, және 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев

Президент Үкіметті Мәжілістегі көпшілік алған партия ұсынысымен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.

Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.

[өңдеу] Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

[өңдеу] Экономикасы

Толық мақаласы: Қазақстан экономикасы

[өңдеу] Энергетикасы

Толық мақаласы: Қазақстан энергетикасы

[өңдеу] Мәдениет және қоғам

Толық мақаласы: Қазақстанның мәдениеті

[өңдеу] Бұқаралық ақпарат құралдары


[өңдеу] Әлеуметтік саласы

Толық мақаласы: Қазақстанның әлеуметі

[өңдеу] Қарулы күштері

[өңдеу] Түсініктемелер

    • К.А. Акишев «Курган Иссык, Искусство саков Казахстана» Москва Искусство 1978
    • АКИШЕВ А. К. КОСТЮМ «ЗОЛОТОГО ЧЕЛОВЕКА» И ПРОБЛЕМА КАТАФРАКТАРИЯ
    • Акишев К. А., Акишев А. К. Происхождение и семантика иссыкского головного убора. — В кн.: Археологические исследования в Казахстане, Алма-Ата, 1979

[өңдеу] Тағы қараңыз

Wikimedia Ортаққорында бұған қатысты таспалар бар:

[өңдеу] Сыртқы сілтемелер

Wikimedia Ортаққорында бұған қатысты таспа санаты бар:
Басқа тілдерде
Static Wikipedia 2008 (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - en - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -

Static Wikipedia 2007 (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - en - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -

Static Wikipedia 2006 (no images)

aa - ab - af - ak - als - am - an - ang - ar - arc - as - ast - av - ay - az - ba - bar - bat_smg - bcl - be - be_x_old - bg - bh - bi - bm - bn - bo - bpy - br - bs - bug - bxr - ca - cbk_zam - cdo - ce - ceb - ch - cho - chr - chy - co - cr - crh - cs - csb - cu - cv - cy - da - de - diq - dsb - dv - dz - ee - el - eml - eo - es - et - eu - ext - fa - ff - fi - fiu_vro - fj - fo - fr - frp - fur - fy - ga - gan - gd - gl - glk - gn - got - gu - gv - ha - hak - haw - he - hi - hif - ho - hr - hsb - ht - hu - hy - hz - ia - id - ie - ig - ii - ik - ilo - io - is - it - iu - ja - jbo - jv - ka - kaa - kab - kg - ki - kj - kk - kl - km - kn - ko - kr - ks - ksh - ku - kv - kw - ky - la - lad - lb - lbe - lg - li - lij - lmo - ln - lo - lt - lv - map_bms - mdf - mg - mh - mi - mk - ml - mn - mo - mr - mt - mus - my - myv - mzn - na - nah - nap - nds - nds_nl - ne - new - ng - nl - nn - no - nov - nrm - nv - ny - oc - om - or - os - pa - pag - pam - pap - pdc - pi - pih - pl - pms - ps - pt - qu - quality - rm - rmy - rn - ro - roa_rup - roa_tara - ru - rw - sa - sah - sc - scn - sco - sd - se - sg - sh - si - simple - sk - sl - sm - sn - so - sr - srn - ss - st - stq - su - sv - sw - szl - ta - te - tet - tg - th - ti - tk - tl - tlh - tn - to - tpi - tr - ts - tt - tum - tw - ty - udm - ug - uk - ur - uz - ve - vec - vi - vls - vo - wa - war - wo - wuu - xal - xh - yi - yo - za - zea - zh - zh_classical - zh_min_nan - zh_yue - zu -

Sub-domains

CDRoms - Magnatune - Librivox - Liber Liber - Encyclopaedia Britannica - Project Gutenberg - Wikipedia 2008 - Wikipedia 2007 - Wikipedia 2006 -

Other Domains

https://www.classicistranieri.it - https://www.ebooksgratis.com - https://www.gutenbergaustralia.com - https://www.englishwikipedia.com - https://www.wikipediazim.com - https://www.wikisourcezim.com - https://www.projectgutenberg.net - https://www.projectgutenberg.es - https://www.radioascolto.com - https://www.debitoformtivo.it - https://www.wikipediaforschools.org - https://www.projectgutenbergzim.com