NATO
Қазақша Уикипедияның мағлұматы
НАТО жалауы |
|
Көк түспен НАТО елдері белгіленген |
|
Штаб-пәтері | Брюссель, Белгия |
Мүшелері | Үлгі:НАТО мүшелері |
Ресми тілдері | Ағылшын, Франсуз тілдері |
Бас хатшы | Үлгі:Флаг Нидерландов Яап де Хооп Схеффер |
Құрылған күні | 4 көкек 1949 жыл |
Ресми торбеті | http://www.nato.int/ |
Солтүстікатлантикалық келісім Ұйымы, НА́ТО (ағыл. - North Atlantic Treaty Organization, NATO; фр. Organisation du traité de l'Atlantique Nord, OTAN) - әскери-саяси одақ.
1949 жылы 4 көкекте 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франсия, Белгия, Нидерланды, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстікатлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кіреді. 2007 жылы НАТО-ға 26 мемлекет мүше болды.
1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады.
Мазмұны |
[өңдеу] НАТО құрылымы
НАТО-ның жоғарғы саяси органын Солтүстікатланталық Кеңес (НАТО Кеңесі) атқарады. Кеңес барлық мүше елдердің өкілдерінен (елші лауазымдары ретінде) құрылып, бас хатшының басқаруымен 2 жылда бір өз мәжілісін өткізеді. НАТО сыртқы істер министрлері және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде де отырыстарын өткізіп тұрады, әйтсе де бұл отырыстары сыртқы істер министрлері отырысындағыдай ғана дәрежесі бар. Кеңес шешімдерді бірдауыстан қабылдайды. Сессиялар арасындағы уақытта Кеңес функцияларын блоктың барлық мүшелері елші ретінде жіберген өкілдерінен тұратыен НАТО Тұрақты кеңесі атқарады. Жоғарғы әскери-саяси органы қызметін 1966 жылдан бері жылына екі рет қорғаныс министрлер деңгейінде бас қосатын, бірақ тұрақты өкілдерінен тұратын Әскери жоспарлау Комитеті атқарады. Сессия-аралық уақытта бұл комитет қызметін барлық мүше елдер елші дәрежесіндегі өкілдерінен тұратын Тұрақты әскери жоспарлау комитеті атқарады. НАТО-ның жоғарғы әскери органы - Әскери комитет. Жылына кем дегенде екі дүркін жиналып тұратын бұл Комитет мүше елдер бас штаб басшылары мен қарулы күштері жоқ Исландияның азаматтық өкілінен тұрады. Әскери комитет өзіне бағынышты екі аймақты қамтиды: Еуропа мен Атлантика. Еуропадағы жоғарғы басшылықты жоғарғы қолбасшы (әрқашан – американдық генерал) басқарады. Оның қол астына үш ұрыс алаңы басшылығы кіреді: Солтүстікеуропалық, Орталықеуропалық және Оңтүстікеуропалық. Сессияаралық уақыттта бұл комитет қызметін Тұрақты әскери комитет атқарады.
НАТО негізгі органдарына әдетте жылына екі рет қорғаныс министрлері деңгейінде көбінше НАТО Кеңесі мәжілісі болар алдында жиналатын Ядролық жоспарлау тобы да кіреді, Исландияның өкілі болып бұл топта азаматтық байқаушы қатысады.
НАТО ресми тілдері ретінде ағылшын мен франсуз тілдері пайдаланылады.
Ұйымның штаб-пәтері Брюсселде (Белгия) орналасқан.
[өңдеу] НАТО мүшелері
[өңдеу] ”Бейбітшілік үшін ынтымақтастық”
НАТО осы ұйымға кіруге ұмтылатын немесе осы ұйым саясатын қолдайтын бірқатар еуропалық мемлекеттермен “Бейбітшілік үшін ынтымақтастық ” деп аталатын келісімге қол қояды. Бұл бағдарлама мүшелері: Албания, Әзірбайжан, Армения, Аустрия, Грузия, Ирландия, Қазақстан, Қырғызстан, Македония, Молдавия, Ресей Федерациясы, Тәжікістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Хорватия, Швеция, Швейцария.