Африка
Уикипедиядан
А́фрика — Жерорта және Қызыл теңіздерінің оңтүстігіне қарай, Атлант мұхитының шығысына және Үнді мұхитының батысына қарай орналасқан континет. Африка көлемі 30 065 000 км², немесе жер аумағының 20,3 %. Африкадағы адам саны шамамен 800 млн. адам.
Мазмұны |
[өңдеу] Жер бедері
Көбінесе жазық дала, солтүстік-батысында Атлас таулары, Сахарада - Ахаггар және Тибести таулары. Шығысында - Эфиоп таулары, оның оңтүстігінде - Килиманджаро жанартауы (5895 м) - құрлықтың ең биік нүктесі. Оңтүстігінде Кап және Айдаһар таулары.
[өңдеу] Ішкі сулары
Африкада оңтүстіктен солтүстікке ағып жатқан әлемдегі ең ұзын Ніл өзені орналасқан. Өзге ірі өзендері - Батыста Нигер, Орталық Африкада Конго және Оңтүстікте орналасқан Замбези, Лимпопо және Қоңыр өзендері.
Ең ірі көлі - Виктория. Басқа ірі көлдері - Литосфера жарығында орналасқан Ньяса және Танганьика көлдері. Олар солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр.
[өңдеу] Климаты
Африка орталығы экваториалды белдеуге жатады, онда жыл бойына мол жауын-шашын түседі және жыл мезгілдері ауыспайды. Экватор белдеуінен солтүстікке және оңтүстікке қарай солтүстік және оңтүстік тропиктік белдеулері орналасқан. Оларға шөлдердің пайда болуына әсерін тигізетін аз ылғал мен жоғары температураның болуы тән.
Солтүстігінде Жер бетіндегі ең ірі - Сахара шөлі бар, оңтүстігінде - Намиб шөлі орналасқан. Құрлықтың Солтүстік және оңтүстік шеттері сәйкес субтропикалық белдеулерге жатады.
[өңдеу] Халқы
Халқы негізінен екі нәсілден тұрады: Сахарадан оңтүстікке қарай - негроидтар, солтүстік Африкада және ОАР-да - европеоидтар. Африкада 56 мемлекет бар. Олардың басым көпшілігі ұзақ уақыт бойына еуропа елдерінің колониялары болды да, тәуелсіздіктерін тек ХХ ғасырдың 50-60 жылдары алды.олько в 50—60-х годах XX века.
Оған дейін тек тәуелсіз болған мемлекеттер - Египет (1922), Эфиопия (1941), Либерия (1847) және ОАР (1910), бірақ ОАР-да 90 жылдарға дейін де апартеид - жергілікті қара халықты кемсіту тәртібі сақталды.
Континет солтүстігінде Испанияның Сеута, Мелилья жерлері орналасқан. Таралған дәстүрлі діндері: ислам, христиандық (католиктер, протестанттар, православиеліктер, монофизиттер).
Африка мемлекеттерінің шекаралары, түрлі халықтар мен тайпалардың орналасуын есепке алмастан, жазанды түрде сызылғандықтан және жалпы африка қоғамының демократияға дайын болмағандығынан, көптеген африка елдерінде тәуелсіздік орнағаннан кейін азаматтық соғыстар басталып кетті. Көптеген елдердің билігіне диктаторлар келді. Осылайша орнаған режимдер адам құқығын менсінбеумен, бюрократиямен, тоталитаризммен ерекшеленеді, бұлар өз кезегінде экономиканың құлдырауына және кедейшіліктің өсуіне әкеліп соғуда.
Кең тараған тілдер араб, ағылшын, француз, суахили, конго, фульбе.